Мұхтар Шерім. Креслоның киесі...
- Мырзалар! Құрметті сенаторлар, депутаттар!-деді парламент сенатының төрағасы Мақұлбек Мақұлбаев көз жасымен көзілдірігін суртіп жатып,- Иә, иә, сенатор Сүлікбаев отырған ұшақ Сирияның үстінен ұшып бара жатқанда, оппозицияның қаруланған тобы атқылап, ұшақ екіге бөлініпті де... Сенатор аспаннан жерге түспей қалыпты... Түркияда демалып, Астанаға ұшып келе жатқан беті екен.
- Сүлікбаев әлі аспанда ұшып жүр ме? Аспандап, танауын аспанға қаратып жүруші еді...-деп сұрады депутаттардың бірі есінеп.
- Жоға. Бір шымшық арқасына қонған екен, содан құлдилап, абырой болғанда шөмеленің үстіне түсіпті!
- Құдай қағыпты!
- Креслосының киесі қаққан!
- Бірақ Сүлікбаев ауыр жарақаттанып, көп қан кеткен. Соған депутаттар болып, сенаторлар болып, қан берейік. Донор болайық. Қане, дауыс берейік, қарсы қалыс бар ма?—деп сұрады сенат төрағасы қабырғасын қасып, бұнысы: «қабырғамыз қайысып отыр» деген белгісі еді.
- Өзі тірі ме?—деп қалды Мемлекеттік хатшы қасын керіп.
- Кеше скайп арқылы сөйлескенімде, қолтығын қасып жатқан...
- Байғұс-ай, білімі таяз, ойы аяз болса да, сенаторлыққа секіріп келіп еді...—деп аяныш білдірді сенатор Ұйқыбасов.
- Билік не айтса, «мақұл, мақұл!» деп басын изей беруші еді...
- Керемет ғалым болатын... Сенаторлыққа бекер келді...
- Енді оның орнына кім келер екен?

- Шуламаңыздар!—деді сенатор төрағасы күрсініп,--ол әлі тірі ғой. Қиналып жатыр. Қан берейік, қан! Сенатор Рубек Жершілбаев, сіз қан бересіз бе?
- Кешіріңіз... беруін беремін-ау, бірақ...
- Немене бірақ?
- Менің қаным қышқыл...
- Ол саусағын батырып, дәмін көрмейтін шығар?
- Оның үстіне қаным арам...
- Қалай арам?
- Өзіңіз бірде: «Арам сенаторсыз! Кәсіпкер ініңізді троспен сүйреп келесіз!» дегенсіз... Арам қанның қажеті болмас...
Сенат төрағасы жынданып кете жаздады. Оған жындануға болмайды, ертең «Кландар мен жыландар» заңы қабылданбақ... Ол Аштық пен тоқтық министрі Әшейінгүл Келгеноваға бұрылды:
- Сіз ше, министр ханым?
- Кешіріңіз...
- Иә?
- Менің қаным женский ғой...
- Онда тұрған не бар?
- Кейін әйелі қызғанып жүрмейді ме?
- Бересіз бе, бермейсіз бе?
- Үйде уылдырық бар еді... соны берейін...
- Қан керек, қан! Түсінесіз бе, қан!
Сенатрорлар мен депутаттар, бірді-екілі министрлер де, мемлекеттік хатшы да жым-жырт.
- Менен қан шықпайды-ау...-деп қалды осымен төртінші рет сайланған депутат Тайраңбаев.
- Неге олай дейсіз?
- Баяғыда мектепте оқып жүргенімде мектеп директоры: «Тайраңбаевтың бетінен бес кило ет шығар, бірақ қан шықпайды...» деуші еді...
- Депутаттар! Құрметті сенатор мырзалар! Өзіміз сияқты қолдан жасалған қоғам қайраткері, биліктің биті, сіркесі, Солғанбай Сүлікбаев ауыр халде жатқанда, адамгершілік танытпағанымыз елдігімізге сын. Қарапайым халық не ойлайды? Қан беруге сараң болсаңдар, бюджеттен қаржы бөлейік! –деді президент кеңесшісі күңкілдеп.
- Дұрыс айтасыз! Бізде артық қан жоқ!
- Керек десеңіз, бізде жан жоқ!
- Қой-ей, көпке топырақ шашпа!
- Сенатор Сүлікбаевқа қан беру үшін мемлекеттен жүз миллион теңге бөлінсін!
Депутаттар қолдап, сенаторлар мақұлдап, Сүлікбаевқа қан тапсыру үшін қарапайым халық қан беретін болды. «Билікті донормен қамту мәселелері» заңы қабылданды... Оны ұйымдастыру, жарнамалау үшін бүйірі шұрқ тесік бюджеттен жүз миллион теңге бөлінетін болды... Кенет сенат төрағасы ұялы телефонын көтеріп:
- Немене? Как қайтыс болды? «Хош бол, қайран кресло!»деп қолын бұлғады деймісіз? Обал болған екен..-деп бір көзін уқалады. Оның бір көзінен ғана жас шығатын...Сенаторлар мен депутаттар бір минөт үнсіз тұрып, екі минөт күрсінген болып, артынша ашық-жарқын арқаларыннан қағысып, «жайлы өмір» жайлы әңгімелесіп бара жатты...
Abai.kz