Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3180 0 пікір 9 Қыркүйек, 2009 сағат 08:19

Екібастүздық жүргізуші-жүк тасушы сотта жұмыстан заңсыз босатылғанын дәлелдеп, жұмысқа қайта қабылданды

Екібастұз. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – Екібастұздың жүк тасушы-жүргізушісі өзінің жұмыстан заңсыз қуылғанын, еңбек кодексінің бұзылғанын дәлелдемек болып жұмыс берушіні сотқа беріп, істі жеңіп шықты.

«Қазақстан ЭнергоКомпания» ЖШС-тің жұмысшысы Нұрлан Мұратов биылғы жылдың қаңтарында көліктің бұзылуы себепті өз міндетін атқара алмай, бұл туралы компания өкілдеріне хабарлаған. Бірақ басшылық екі күннен кейін жүргізушіге оның жұмыстан босатылатынын мәлімдеген де, ол туралы тиісті бұйрықтың көшірмесін қолына бермеген. Мұнымен келіспеген жүргізуші Екібастұз қалалық сотына шағымданып, жұмысқа қайта қабылдануы және мәжбүрлі түрде жұмыссыз жүрген уақытына жалақы және моралдық шығын өндіріп беруін талап еткен. Сот еңбек кодексі нормаларының негізін басшылыққа ала отырып, шағымды қанағаттандырды.

Бірақ қалалық сот үкіміне келіспеген жұмыс беруші облыстық сотқа қарсы шағым берді.

Облыстық соттың азаматтық істер бойынша алқасы бұл қарсы шағымды қанағаттандырмай, Екібастұз қалалық сотының шешімін күшінде қалдырды, - деп хабарлады бүгін облыстық соттың судьясы Таисия Мирзоян.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2579
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 719
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 683