Жұма, 22 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2605 5 пікір 1 Қараша, 2023 сағат 14:08

Дағыстанға қатысты Қадыров: Қақ шекеден атыңдар!

29 қазан, жексенбі күні Ресей құрамындағы Дағыстан Республикасының астанасында бір жарым мыңдай адам Махачкала әуежайын басып алып, антисемиттік протесттік акция өткізді.

Тель-Авивтен ұшып келуге тиіс рейсті қайыра кері қайтаруды мақсат тұтып, Израильдің Газа секторындағы әрекетін айыптап, жөйіттерді аймақтан қуға шақырды.

Елірген топ әуежайдың жаздық ұшу алаңына өтіп, жолаушылар арасынан Израильден келгендерді іздеді. Полициямен қақтығыс орын алып, осы тәртіпсіздік кезінде 20 адам жарақат алды. Оның 10-ының жағдайы ауыр. Ал, тыныштық сақшылары арасында 9 адамның зардап шеккені мәлім болды.

Ресей президенті Владимир Путин осы антисемиттік тәртіпсіздіктің орын алғандығы үшін Батыс пен Украинаны айыптады. Бұған жауап ретінде Украина СІМ-і Ресейдің антисемиттік тәртіпсіздікті ұйымдастыруға Киевтің қатысы бар деген ресейлік сандыраққа қатысты «саудың тамағын ішіп ауырудың сөзін сөйлеушілік» деп тапты.

Осындай шақта қашанда Путиннің қасынан табылатын Қадыров та қарап қалмады. Көршісінде орын алып жатқан оқиғаға қатысты Рамзан Қадыров Путинмен бірге қозғалып, «егер осындай тәртіпсіздіктер өзге жерде орын алатын болса, оқ жаудыру арқылы тәубәсіне келтіру керек» деп мәлімдеді.

Республикадғы ІІМ және Росгвардия өкілдерімен болған сейсенбі күнгі отырыста: «Егер әлдекім рұқсат етілмеген шеруге шыға қалса, ұстап алып, түрмеге қамаңдар. Не болмаса төбесінен үш мәрте ескерту оғын атыңдар. Оған да тоқталмайтын болса, заң талабын орындамайтын болса, онда төртінші оқты қақ маңдайына атыңдар! Олар бұдан кейін аттап баспайды. Бұл менің бұйрығым», деп оданда қатты айтты.

Тағы бір осындай акция 28 күні Карачаево-Черкесияда орын алды. Антисемиттік акциялар Кавказ республикаларының бәрінде болды.

Дағыстанда бүгінгі күні тәртіпсіздіке қатысты деген айыппен 83 адам ұсталды. Бұл турасында Дағыстан басшысы Сергей Меликов айыпкерлер «әділ жазадан қашып құтылмайды» деп уәде берді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295