Павлодарда жол полициясының инспекторы пара алу үстінде ұсталды
Павлодар. 9 қырқүйек. ҚазТАГ – Павлодарда ІІБ жол полициясы әкімшілік бөлімінің инспекторы қамауға алынды. Қаржы полициясының қызметкерлері инспекторды жүргізушінің уақытша куәлігін заңсыз бергені үшін пара алып жатқанда ұстады. Қылмыстық іс қозғалды.
«Жол полицейі көлікті ішімдік ішіп басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен және көлік жүргізу құқығынан айырылған адамға құжат бергені үшін он мың теңге алған», - деп мәлім етті Павлодар облысы бойынша ЭҚСЖКД баспасөз хатшысы Нәйлә Бекжанова
Пара беру делдал арқылы жүзеге асырылды, ол қолына 36 мың теңге алып, полицейге он мың теңге ғана берген. Қазір ол адамнан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды, сыбайлас ретінде оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.