Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2531 0 пікір 11 Қыркүйек, 2013 сағат 11:32

Билік тілдің білтесін тартып отыр...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің назарына!

 Аслан мырза, осы күні  орыс мектептеріндегі қазақ тілі сағаты қысқарып, тағы бір «бітіспес даудың» шеті қылтиды. Яғни бұрын аптасына бес сағат оқытылатын қазақ тілі пәні ендігі жерде аптасына 2-ақ сағат «бет-жүзін» көрсететін болды. Бұл деген сөз – жеткіншіктерге «қазақ тілін оқу қажетсіз» дегенмен парапар.  Есесіне ағылшын тілі мен орыс тілін жақсы оқыту қолға алынуда.

Мұндай қадам мемлекетті түптің түбінде аса қиын жағдайға апарып, тығырыққа тірейді. Өйткені ата-бабасының жерінде өмір сүріп жатқан қазақтілді ұрпақ болашақта мемлекеттік тілді меңгермеген «орысқұл» құрдасымен бір дастарқанның басында отыра алмайды. Тіпті сыйғызбайды да. Бұл қазір айдан анық ақиқатқа айналды. Қазақ тілін оқыту сағатын көбейтіп, сапасын арттырудың орнына артқа қарай ат басын бұрған Білім және ғылым министрілігінің бұл шешімін түсіну қиын.

Анығын айтайықшы. Мұндай «дәнішпан шешім» ең алдымен Қазақ елінде тұратын орыстілділердің өзіне зиян. Сол ұрпақ ертең Президент бола алмайды. Өйткені мемлекеттік тілден емтихан тапсыру керек. Кез келген жақсы қызметке тұра алмайды. Өйткені «Қазақ елі» атанып, 90 пайыз қазақ мекендейтін жұрттың үддесінен шыға алмайды. Ең жаманы – мемлекеттік тілді меңгермегені үшін қаққы-түрткі көріп, көзінен сорасы аққан сорлыға айналады. Оған еш күмән болмасын. 

Осыны анық аңғарса керек, балаларын орыс мектептерінде оқытып жатқан ата-аналардың өзі де дабыл қағуда.Енді қайтсін? Бір ауыз орысша білмейтін қазақ елінің нағыз тізгін ұстарлары – менің, сенің және оның балалары өсіп келе жатыр. Әрі-беріден соң болашақта оларға орыс тілінің де, орыстілділердің түкке қажеті жоқ.

Masa.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373