Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
1656 3 пікір 16 Қараша, 2023 сағат 14:52

Ресейде мигранттардың балалары орыс тілінен тест тапсырады

Ресейдің білім министрлігі мигранттардың балаларына тұрақты түрде орыс тілінен тест өткізіп отырады. Тест нәтижесіне сәйкес, оларды тиісті курстарға жіберуі мүмкін.

Бұл жөнінде білім министрі Сергей Кравцов айтты.

"Коммерсантъ" жазғандай, осыған дейін бұл тақырып талқыланып келген. Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңес төрағасы Валерий Фадеев мигранттардың балаларының 50-70% орысша нашар сөйлейді немесе білмейді деген.

"Әділетті Ресей" партиясы орыс тілін жақсы білмейтін шетелдік азаматтардың балаларына арнайы ақылы курстар ашуды ұсынған.

"Платформа" әлеуметтік жобалар орталығының директоры Алексей Фирсов "Коммерсантъ" басылымына берген сұқбатында тестегі тарих бойынша сұрақтарды сынап, дінге көп көңіл бұрылғанын айтқан.

Сарапшылар орыс тілі курстарын кім қаржыландырады деген сұрақтың ашық күйінде қалып отырғанын, оны төлеп отыруға мигранттардың шамасы жетпейтінін жеткізіп келеді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048