Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2473 1 пікір 17 Қараша, 2023 сағат 21:50

Астанада футбол жанкүйерлері одақ болып бірігеді

Елордада спорт белсенділері Қазақстанның жанкүйерлер одағы болып бірігу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ұйымның басты мақсаты – еліміздің ұлттық құрамасын қолдау. Бүгін, 17 қарашада футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінің матчына жиналған спорт сүйер қауым Қазақстан жанкүйерлер одағы болып бірігу туралы шешім қабылдады. Олар – спортшылар, еріктілер, елорданың белсенді тұрғындары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

«Қазір футболдан ұлттық құрамамызға отандастарымыздың қолдауы қажет. Идея көптен бері бар болатын. Біз спорттық іс-шаралардағы мәдениеттің сақталуын қолдаймыз. Сол сияқты футбол ғана емес, спорттың кез келген түрі бойынша біріккіміз келеді.
Сондай-ақ, жанкүйерлер кодексін қабылдау жоспарланып отыр, онда стадиондардағы тәртіптің негізгі нормалары мен этикасы жазылады. Матч өткізілетін орындар жұртшылық үшін қауіпсіз болуы тиіс», - деді Қазақстанның жанкүйерлер одағын құрудың бас бастамашысы Әзиз Оразбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада футболдан -2024 чемпионатының іріктеу кезеңінің матчы өтіп жатыр, онда Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын қабылдайды.

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2936
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1007
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 948