Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2663 0 пікір 18 Қыркүйек, 2013 сағат 06:21

Әмірхан Балқыбек. Қара сөздің қағаны

 

 	 http://old.abai.kz/sites/default/files/1319180045-720.jpgАлмас Ахметбекұлы. ОРАЛХАН

Алтай анау бұрыннан бұлты қалың.
Қалың бұлты қайнары мың тұманың.
Оралыңның барында беу, Оралхан,
Сен де таудың бұлтындай бұрқырадың.
Тау бұлағы сияқты тұнық сөзден
Туған жердің жасадың бір сыңарын.

Сен туған жер Ел шеті - жер кемері.
Сен туған жұрт - жаужүрек ерлер елі.
Айналайын, ағатай, асқақ бітім,
Бұғалықты асау ең кермедегі.
Қапы кеткен қайран сәт қан қайнатып,
Көкейіңді жарардай кернеп еді.

Сен туған жер Алтайдың өргі шегі -
Шыңғыстаймен, Берелмен жер бітеді.
Ар жағынан алтын таң көтеріліп,
Кең даламды оятып, сергітеді.
Алтын Арқа, Атырау, Арал, Балқаш
Жарысады жатқа оқып енді сені.

Ескі шаһар Елімнің күн жағында -
Ертіс пенен Үлбінің құндағында.
Халқың өскен, парасат парқың өскен,
Түрен салған сияқты тыңға мұнда.
Ұлын силап, ұлтына сауын айтып,
Жиналады жатың да, туғаның да.

 

 	 http://old.abai.kz/sites/default/files/1319180045-720.jpgАлмас Ахметбекұлы. ОРАЛХАН

Алтай анау бұрыннан бұлты қалың.
Қалың бұлты қайнары мың тұманың.
Оралыңның барында беу, Оралхан,
Сен де таудың бұлтындай бұрқырадың.
Тау бұлағы сияқты тұнық сөзден
Туған жердің жасадың бір сыңарын.

Сен туған жер Ел шеті - жер кемері.
Сен туған жұрт - жаужүрек ерлер елі.
Айналайын, ағатай, асқақ бітім,
Бұғалықты асау ең кермедегі.
Қапы кеткен қайран сәт қан қайнатып,
Көкейіңді жарардай кернеп еді.

Сен туған жер Алтайдың өргі шегі -
Шыңғыстаймен, Берелмен жер бітеді.
Ар жағынан алтын таң көтеріліп,
Кең даламды оятып, сергітеді.
Алтын Арқа, Атырау, Арал, Балқаш
Жарысады жатқа оқып енді сені.

Ескі шаһар Елімнің күн жағында -
Ертіс пенен Үлбінің құндағында.
Халқың өскен, парасат парқың өскен,
Түрен салған сияқты тыңға мұнда.
Ұлын силап, ұлтына сауын айтып,
Жиналады жатың да, туғаның да.

Күн биіктеп Берелден, ояу дала.
Қасқа құлын жетектеп жаяу бала.
Тыныш орман, шулы өзен, кер бұғылы
Сол аспаның, сол тауың, аяулы аға!
Биігінің бітімі сен сияқты
Алтай жаққа көз салдым баяу ғана:
Аспан жақтан айбыны алыс кеткен
жүрек тартар Мұзтауға таяуға да...

Тарқамасын жиының,  аяулы аға!

 

Әмірхан Балқыбек. Қара сөздің қағаны
(Оралхан Бөкейге)

Күн нұрындай жылуына жанының,
Бүкіл қазақ іңкәр болған, дарыным!
Мұзтау сынды маңғаз еді мінезің,
Кенді Алтайдай қазына еді қалыбың.

Марқакөлдей мөлдір еді көзің де,
Зергерге үлгі зер жатушы ед сөзіңде.
Би-ағаңды жатқа оқыған бекзатым,
Енді бүгін ұлы атандың өзің де.

Бір ғасырда бір туатын асылым,
Шабыт қысса Бұқтырма боп тасыдың.
Жайтартқыштай тарттың қағаз бетіне
Туған жердің көкте ойнаған жасынын.

Дауыл болдың, жауын болдың, жыр болдың,
Үлкен-кіші іздеп оқыр сыр болдың.
Ой жайлауға, ерен еңбек төріне
Қойшымен де, кеншімен де бір қондың.

Жылдамдықпен сәулесіндей жарықтың,
Жандүниеңнің сұлулығын таныттың.
Өзің сүйген елің аман тұрғанда
Сен де барсың жүрегінде халықтың.

Сол кездерде сен оятқан махаббат,
Бүгін саған жеткені анық «аталап».
Шығармаңнан бастау алған сан сезім
Шөлін әлі баса алмай жүр қаталап.

Күй секілді ағытылған тиегі,
Баба тілдің бәрі арқасы киелі
Саған әлі бойжеткендер ғашық боп,
Саған әлі өр ұл басын иеді.

Шыңғыстайдың бұйра шашты баласы,
Қара сөзде қаған болды, қарашы!
Он ғасыр деп айта алады кім қазір
Шыңғысхан мен Оралханның арасы!!!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373