Сенбі, 12 Қазан 2024
1299 1 пікір 20 Қараша, 2023 сағат 12:36

Мирзиёев: «Өзбекстан 2-3 жылдан кейін мұнайға тәуелді болмауы керек»

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 17 қарашада жиналыс кезінде Сурхандария облысындағы ірі өндіріс жобалары жайында айтты.

"Мен биыл Сурхандария облысына нақты жоспармен, біздің халық жақсы тұрсын деген үлкен ниетпен үшінші рет келіп отырмын", - деген президент сөздерін оның баспасөз хатшысы Шерзод Асадов жариялады.

Өзбекстан президенті Сурхандария облысындағы құны 3,3 млрд доллар болатын ірі өндіріс жобаларымен танысып шықты.

2024 жылы іске қосылады деп жоспарланып отырған Байсундағы кешенде жылына 5 млрд текше метр газ тазаланып, табиғи газ өндірілу жоспарланған. Сонымен бірге мұнай, газ кен қорын зерттеп, 2−3 жылда Өзбекстан мұнай тәуелділігінен толық арылуға ниетті.

Қазір бұл кешенде 7000 адам жұмыс істеп жатыр.

Өзбекстан 2024 жылы Қазақстан аумағы арқылы бір млн тоннаға дейін Ресей мұнайын тасымалдауға ниетті екенін мәлімдеген.

Бұл 2023 жылға қарағанда үш есеге көп.

Abai.kz

1 пікір