Сенбі, 23 Қараша 2024
1194 0 пікір 21 Қараша, 2023 сағат 17:24

Экс-депутат Әлтаев 10 жылға сотталды

Бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана соттарының хабарлауынша, сот сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті экс-вице-министрге қатысты үкім шығарған.

– Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша экс-вице-министр А.-ға қатысты үкім шығарды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі). Сот не белгіледі: экс-вице-министр 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы М.-дан жалпы сомасы 115 мың АҚШ доллары және 8 млн.150 мың теңге ақшаны пара ретінде алды. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, жасырын тергеу әрекеттерінің жазбаларымен, сараптама актілерімен, заттай дәлелдемелермен және т.б. дәлелденді, – делінген хабарламада.

Сотта прокурор айыптауды қолдап, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сотталушы соттан өзін ақтауды өтінген.

Сот шешім шығарғанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас балаларының болуын танығанымен, қабылдаған антын бұзуы ауырлататын мән-жай ретінде қарастырған.

– Сот үкімімен экс-вице-министр А. ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлайды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Еске сала кетейік, 31 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-мәжілісмен, тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен болатын. Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевтың ісін жабық режимде өткізуді сұраған. Сот оның өтінішін қанағаттандырған еді.

Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевқа қандай айып тағылып отырғанын айтты. Оның сөзінше, экс-мәжілісмен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрған кезде “2018-2020 жылдар аралығында делдалдар арқылы 50 млн теңгеден артық пара алған”. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша қозғалған. Сотта Нұржан Әлтаев өзіне тағылған айыпты «сандырақ» деп атаған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419