Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3153 0 пікір 19 Қыркүйек, 2013 сағат 05:03

Жапандағы жапон бауырларымызды елге шақырайық!

(Қазақ халқына Үндеу)

    Сонау ықылым заманнан бері ата-бабаларымыз «Жапанда қалған жалғызым» деп келген екен Жапониядағы бауырларымызды. Осы сөзге иланбайын десек те біздің ДНК-ларымыз бірдей болғандықтан жапондықтардың арғы замандарда топан су қаптаған кезде қазақ жерінен Жапон аралына ағып барғаны шындыққа көп жанасады. Жақында жарияланғандай сол Жапон аралындағы жапон бауырларымыз өз елдерінде болып жатқан сойқан дауылдардан қатты запа шеккендері соншалық, 300 мыңға жуық жапондық өзге елдерден пана іздеп, қоныстарын аудармақшы болып жатыр екен.

    Біздің қазақ жерінде қоныстанып отырған ұлттардың саны 130 десек, 131-ші етіп жапанда қалған жалғыз бауырларымызды өздерінің ежелгі отандарына – қазақ жеріне шақырайық! Шақырып қана қоймай, оларға Балқаш көлінің айналасынан, тым болмаса, 50 жылға жалға жер беріп қоныстандырсақ, бұл тарихи мағынасы зор керемет қадам болған болар еді қазақ ұлты тарапынан.

    Балқаш көлінің жағасына атом станциясын салып суын, ауасын уландырғаннан гөрі және мезетсіз келетін апатынан аулақ, осындай өнерлі-өнегелі, білімге өте жетік, еңбекқор текті халықты  қасиетті жерімізге қоныстандырсақ ең алдымен Балқаш көлін тазартуға және сақтап қалуға жапон бауырларымыздың септігі көптеп тиер еді.

    Осы уақытқа дейін қазақ халқы ешкімді де өз жеріне қоныстандыруға  өз еркімен шақырмағаны тарих шындығы екені рас болса, осы жолы біздер – қазақ ұлты, Жапониядағы жапон бауырларымызды елімізге шақыруға толық құқымыз бар!

    Жоңғарлардың басқыншылығын айтпағанның өзінде кезінде қазақ елін қан қақсатып бодандықта ұстаған орыс патшалығы біздің қасиетті жерімізге миллиондаған «қара шекпенділерін» қаптатып, оларға қазақтың жерінен ойып-ойып тұрып ең шұрайлы сулы-нулы деген жерлерімізді тартып алып қоныстандырды, қарсы шыққан қазақ ұлтын зеңбіректерінің ұңғысына байлап қойып атты, кәрі-жас, бала-шаға демей қылыштарымен қынадай қырып тастады. «Қызылдар қырғыны» кезінде «Қужақ» атанған қанішер Голощекиннің   кезінде  1930 жылдары үш жарым миллион қазақ ұлты қолдан жасалған аштықтың салдарынан жаппай қырылды. Одан беріде қызыл коммунистер заманында Сталин, одан кейін Хрущев «Тың жерлерді» игеру деген сылтаумен қаншама миллион аннан қашқан мыннан қашқан «тюремщиктерін» қазақ жеріне әкеліп төкті,  оған да төздік, көндік... Қазақтың жерін атом бомбаларымен төмпештеп, денемізді орасан жалынына қақтап, жерімізді, суымызды улағандары аздай енді міне қаншама жыл болды «Протон» деген ракеталарын ұшырып басымызға гептил уын шашып жатыр. Келесі ұрпақтарымыздың тағдыры не болмақ, оған бас қатырып жатқан ешкім жоқ, «ләпбай, тақсыр» деп құлдан да жаман бас шұлғып отырысымыз мынау.

    Ал енді өз қолымыз өз ауызымызға жетіп егеменді ел болдық десек, өз бауырларымызды өз елімізге қоныстандырсақ оның қандай сөкеттігі болмақ?! Ата-бабаларымыздың аруақтары риза болсын десек, тым болмаса кішкентай бір ұлағатты іс істеп, Алла Тағаланың ризашылығымен бүкіл ұлт болып осындай қаракетке бару үшін бас біріктіріп, қолдап қана қоймай әрекет етелік – 300 мың жапон бауырларымызды өз жерімізге, ата-бабаларымыздың білектің күші, найзаның ұшымен қорғап, біздерге мұраға қалдырған ата-мекенімізге қоныстандыруға күш салайық!

Елім деп еңіреген, жері үшін шыбын жанын беретін қазақтың азаматтары:

  1.   Ғаббас Қабышұлы, жазушы;
  2. Совет-Хан Ғаббас, жазушы;
  3. Қазақтың Әділханы;
  4. Назарбек Қанафия, жазушы;
  5. Кәрішал Асан-Ата, жазушы;
  6. Мақсұт Оразай, қоғам қайраткері;
  7. Мұрат Нүсіп, шебер;
  8. Қуаныш Мұқтай, ақын;
  9. Жангелді Естенбай, журналист;
  10. Гүлмира Тойболды, журналист;
  11. Гүлжанат Шонабай, журналист;
  12. Қажымұқан Ғабдолла, журналист;
  13. Жұмабай Доспанов, журналист;
  14. Еркін Сары, жазушы;
  15. Ертас Отарбай, желтоқсаншы;
  16. Халелхан Әділханов, қоғам қайраткері;
  17. Әуелхан Шонжан, қоғам қайраткері;
  18. Төлеубек Қараменді, қоғам қайраткері;
  19. Нұрлан Әміреқұлов, тарихшы, ғалым;
  20. Хайролла Ғабжалилов, тарихшы, ғалым;

P.S. Үндеу Abai.kz ақпараттық порталының емес, Үндеуге қол қойған азаматтардың еркіндегі мәселе екендігін ескертеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343