Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 2495 10 пікір 23 Қараша, 2023 сағат 16:09

Қазақстан билігі: ҰҚШҰ-дан шықпаймыз!

Кеше БАҚ өкілдері Парламент кулуарында жұрттың көкейінде жүрген Еуразиялық экономикалық одақтан (ЕАЭ) және ҰҚШҰ-дан шығуына қатысты екі сауалды Қазақстан сауда министрі және елдің Сыртқы істер министрінің орынбасарына қатар қойды.

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров жауабында:

«Бұл ұйымға мүше болуға қатысты көптеген пікір айтылды. Бірақ бүгінге дейін бірде-бір мемлекет мүшелігін тоқтатуға ресми түрде жүгінбеді. Сондықтан біз ҰҚШҰ құрамында қандай да бір өзгерістерді қарастырмаймыз. Сыртта болғаннан гөрі іште болған жақсы. Қазақстанның [ҰҚШҰ-дан шығу бойынша] жоспары жоқ. Бұл ұйымды құрудың бастауында біз де тұрдық. Ол біздің мүдделерімізге жұмыс істейді деп санаймыз. ҰҚШҰ шеңберіндегі барлық шешім консенсус принципі негізінде қабылданады», - десе, өз кезегінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев: «Одақтан шығу туралы ресми инициатива болмады. [Одақтан шығу] туралы сарапшылар көп айтып жатыр. Бірақ бізде ешқайдан шықпаймыз. Бұл – біздің ресми позициямыз. Одақтан шығуға ешқандай экономикалық, саяси жағынан себеп жоқ», - деп шорт кесті.

Арман Шаққалиев - ҚР Сауда және интеграция министрі

Кезінде КСРО құлап, оның қирандысынан бой түзеген Путиннің «қос перезенті» осылайша биліктегі топтар үшін баға жетпес құндылық екен. Осы Путиндік құндылықтар елімізді геосаясатта кері тартатынын қазақтың көзі ашық жұртының бәрі біледі. Бірақ биліктің білсе де білгісі келмейтінін саяси-әлеуметтік парадокске айналып отыр.

Ресейдің әуелі Гүржістанмен, одан кейін Украинамен соғысуы – ҰҚШҰ-ның жалпы қазаққа керегі бар ма деген ойға түсірді.

Бірінші есін жиған Армения болды. Есін жиды дегеніміз олар барлық саяси-экономикалық кіріптарлықты қаперге ала отырып, сенімді одақтастықтан – сенімді әріптестікке көшудің қилы нұсқасын Мәскеуге ұсынды. Бірақ жұртың бәрі «кіші іні», ал өзін «үлкен аға» санайтын Кремль бұған еш көнбек емес.

Осыдан екі жыл бұрын АҚШ сарапшылар да, «Армениядағы төңкеріс, Ресейге қарсылық емес, тек одақтастықтан әріптестікке өтудің өтпелі кезеңі» деген болатын. Армения бұл өтпелі кезеңнен Қарабақтағы жеңіліспен сәтімен өте алды.

Минскіге Арменияның бармауы ҰҚШҰ шығам деуі емес, өзіне тиселі жарнасын төлеп, шарттарын мойындап, одақтастық емес, әріптестік қарым-қатынасты сақтамақшы болған саяси қадамынан. Біз неге Армения ұстанған принципті басшылыққа алмаймыз?

Айтпақшы, ҰҚШҰ-ның кезекті басқосуы бүгін Минскте өтеді. Оған ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары бірте-бірте барып жатыр. Онда қандай нақты мәселелер көтерілді, қандай шешімдер қабылданды, бұл туралы кейінірек егжей-тегжейлі жазатын боламыз.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357