Сейсенбі, 9 Маусым 2026
Жаңалықтар 110 0 пікір 9 Маусым, 2026 сағат 14:57

ІІМ: Қылмыстық топтармен күрес күшейтілуде

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды

Ішкі істер министрлігі бопсалаудың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтіп жатыр.  

Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесінде елімізде тіркелген бопсалау фактілерінің саны 15 пайызға төмендеген.

Сонымен қатар мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткіші іс жүзінде 100 пайыз деңгейінде сақталып отыр.

Мәселен, Абай облысында жедел іс-шаралар барысында облыс орталығы тұрғындарынан ақша бопсалаумен айналысқан алты адамнан тұратын қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Барлық күдікті ұсталып, олардың заңсыз қызметін жалғастыруына жол берілмеді.

Павлодар облысында да студенттерден ақша бопсалады деген күдікпен екі адам қолға түсті. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында жәбірленушілерге көрсетілген қысым тоқтатылып, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Ал Алматы облысында әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылған бопсалау схемасы әшкереленді. Қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталып, қамауға алынды.

Abai.kz

0 пікір