Жұма, 29 Қараша 2024
1428 0 пікір 28 Қараша, 2023 сағат 14:36

Қзақстанда қызылша дерті өршіп тұр

Қазіргі уақытта Қазақстанда қызылшаны жұқтырудың 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Нұрқан Сәдуақасов балаларға екпе жасауға байланысты сұраққа жауап берді.

– Бүгінде бізде 17 мыңнан астам адам ауырып қалды. Олардың 82 пайызы балаларға тиесілі, көпшілігі егілмеген. Біз қадағалаймыз. Ауырғандардың  60%-ы өз сеніміне байланысты екпе жасатпағандар, 22-сі вакцинация жасына жетпеген. Біз инфекцияға бейім балалардың контингентін анықтадық, –  деді ол

Сәдуақасовтан антиваксерлердің позициясы қандай екенін нақтылау сұралған.

– Бізде вакцинация ерікті. Мәжбүрлей алмаймыз. Бүгінгі күні қатаң шаралар жоқ,  –  деп қысқаша жауап берді ол.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, елімізде қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Олардың 82%-дан астамы балаларға тиесілі, оның көпшілігі вакцина алмаған балалар. Қызылша аурулары барлық өңірде тіркелген. Жоғары деңгей Шымкент пен Алматы қалаларында, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында байқалады.

Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауырған науқастарға арналған 3,5 мыңнан астам төсек-орын орналастырылған, стационарлық емдеуде 2375 бала бар. Төсек орын қамту жүктемесі – 59,5%-ды құрайды, 1 мыңнан астам орын резервте тұр. Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр, 1 жасқа дейін – 15 бала бар.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1600
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3417
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6746