Жексенбі, 24 Қараша 2024
1307 0 пікір 1 Желтоқсан, 2023 сағат 16:48

ОПЕК талабы. Қазақстан мұнай өндіруді қысқартады

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 82 мың баррельге қысқартады. Бұл жөнінде 30 қарашада ОПЕК+ мүше елдердің министрлерінің кездесуінен кейін Қазақстан энергетика министрлігі хабарлады.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, осы қысқартудың салдарынан Қазақстан өндіретін мұнай көлемі тәулігіне 1468 мың баррельге дейін азаяды.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан биыл сәуірде де мұнай өндіруді 2024 жылдың желтоқсанына дейін тәулігіне 78 мың баррельге азайтуға келіскен.

Bloomberg-тің жазуынша, ОПЕК+ пен ОПЕК-ке меше емес бірқатар елдер мұнай өндіруді тәулігіне миллион баррельге қысқарту туралы алдын ала келісімге келген.

Бұған қоса, Сауд Арабиясы да 2024 жылдың алғашқы тоқсанының соңына дейін тәулігіне мұнай өндіруді миллион баррельге дейін ерікті түрде азайту мерзімін созған.

Батыс елдері былтыр Ресей мұнайын тасымалдауға шектеу қойған. Осыдан кейін Ресей өндірілген шикізатты толық сата алмағандықтан мұнай өндіруді қысқартуға кіріскен. Ресей вице-премьері Александр Новак осыған дейін Ресей "мұнай өндіруді өз еркімен қысқарту деңгейін сақтайды" деп мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560