Жексенбі, 24 Қараша 2024
1502 3 пікір 6 Желтоқсан, 2023 сағат 15:51

Израиль өз азаматтарына Орталық Азия елдеріне бармауға кеңес берді

Flag of Israel on the background of modern city. Israeli flag against the background of skyscrapers in Tel Aviv in front of blue sky.

Израиль өз азаматтарына ерекше қажеттілік болмаса сапарға шығуға болмайтын елдердің тізімін жариялады. Бұл тізімге Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстан да кірді. Бұл туралы The Times of Israel жазды.

Тізімге сондай-ақ Африканың кей мемлекеттері, Өзбекстан, Түрікменстан және т.б. кірді.

Израильдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мәлімдемесінде ХАМАС бүкіл әлем бойынша израильдіктерге шабуыл жасауы мүмкін болғандықтан, өз азаматтарының қауіпсіздігі үшін қорқатынын және сондықтан олардан бірқатар елге қажетсіз сапарларды кейінге қалдыруды сұрайтынын айтты.

Ұйым сонымен қатар барлық елдерге 1-ден 4 деңгейге дейінгі шкала тағайындаған кесте жариялады.

Үшінші деңгейде Орталық Азия елдері, Оңтүстік Африка республикасы және Эритрея елдері белгіленген. Ресей мен Аустралия екінші санатқа жатқызылды.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570