Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
2258 0 пікір 7 Желтоқсан, 2023 сағат 13:46

Биыл азаптау айыбымен 45 адам жауапқа тартылған

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жыл басынан бері азаптау фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істер туралы мәлімет берді.

«Биыл ұлттық заңнамаға адам құқықтарын қорғауға, оның ішінде азаптаудың жолын кесуге бағытталған бірқатар жаңашылдық ұсынылып, енгізіліп жатқанын білесіздер. Мысалы, биылдың өзінде азаптады деген айыппен 45 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Сол істердің негізінде сотталғандар да, айыпталушылар да, күдікті деп танылғандар да, қамауға алынғандар да бар. 2020-22 жылдар аралығында барлығы 42 адам осындай айыппен жауапқа тартылған болатын. Сонда биылғы жұмыстың көрсеткіші кейінгі 3 жылдың көрсеткішінен асып отыр», - деді уәкіл «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда.

Оның сөзінше, саяси плюрализм қалыптастыру бағытындағы реформалардың да негізгі мақсаты – адам құқықтарын қорғау.

«Наурыз айындағы сайлаудың қорытындысы бойынша, Мәжіліс пен мәслихаттар 80 пайыз жаңарды. Мәжілісте 6 саяси партияның өкілдері отырғанын білесіздер», - деді ол.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1092
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 764
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730