Жексенбі, 24 Қараша 2024
1183 0 пікір 7 Желтоқсан, 2023 сағат 13:58

Блинкен: «Бұл Вашингтонның Киевке беретін жәрдемі болады»

АҚШ Украинаға 175 млн доллардың жаңа әскери көмегін жібереді. Бұл туралы мемлекеттік департамент хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, жаңа пакеттің құрамында әуеден қорғану және HIMARS ракеталық системалары үшін оқ-дәрілер, 155 және 105 миллиметрлік артеллериялық снарядтар, танкке қарсы Javelin және AT-4 кешендері үшін ракеталар, жүк тасушы көліктер, радиолокацияға қарсы HARM ракеталары және 4 млн астам оқ, миналар болады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, егер Конгресс Украинаға қосымша көмек беру жөніндегі Джо Байденнің ұсынысын қабылдамаса, бұл Вашингтонның Киевке беретін жәрдемінің соңғы пакеті болады.

Бір күн бұрын Байден АҚШ-тың Украинаға жәрдем беруден бас тарту мүмкіндігін "абсолюттік қате" деп атаған. Ол мұндай қадам Вашингтонның мүдделеріне қарсы келетінін айтып, оның әкімшілігі Киевке қаражат бөлдіруге уәде еткен.

Қараша айының ортасында Джо Байден үкіметті уақытша қаржыландыру туралы Конгресс мақұлдаған заңға қол қойған. Оған Ақ үй Израиль мен Украинаға көмек көрсету үшін сұраған қаржы кірген емес.

Осыған дейін АҚШ билігі Украинаға көмек ретінде бөлінген қаржының 97% орындалғанын мәлімдеген.

Жалпы Украинада соғыс басталғаннан бері Вашингтон Киевке 44,2 миллиард долларға қару-жарақ және техникалық құрал берді.

Дереккөз: centralasian.org

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588