Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3571 0 пікір 1 Қазан, 2013 сағат 05:19

Компьютердің қасапшысы

Қазақтың бетке басар ғалымдарының бірі мемлекет бағдарламасы бойынша шетелге барып, жиып келген тарихи материалдарынан бір сәтте айырылыпты. Бүкіл құжатты сыйымдылығы жоғары  «қатты дискке» сақтаса керек. Вирустан ба, әлде, басқа себептен бе дискке сақталған барлық құжат бір сәтте ізім-ғайым болыпты. Аласұрған профессорымыздың бармаған жері, баспаған тауы қалмған көрінеді. Ол кісі екеуміздің жолымыз бір есіктен түйісті. Көк базардағы (Мақатаев пен Пушкиын қиылысы) «самсахананың» жанына орналасқан компьютер жөндеу орталығында кездестік. Ішек-қарыны ақтарылған қалың «электронды мидың» ортасында бір жігіт отыр. «Әп, бәрекелді» деп таныса кетсек, Әзілбек Қызырбекұлы дейтін Қытайдан келген оралман бауырымыз екен. Ғалым көкеміз өз шаруасын, мен өз шаруамды айтып, екеуіне де «құп болады» деген жауап алдық.

Бір қуантарлығы  – Әзілбек бауырымыз ғылым мен әдебиеттен де құр жаяу емес екен. Атағы алатаудай профессорымызды ғана емес, ғаламтор жағалап жүрген біраз журналситерді танитын болып шықты. Төрт адамның басы қосылса оң-солыңа бұрылу қиынға түсетін шағын орталыққа бас сұғушылар саны қалың көрінді. Қалыптасқан әдет бойынша әңгіменің білтесін тамызып, қысқа уақыт болсада пікірлесіп қалуға тырыстым.

–       Атажұртыма оралғаныма 4 жылға жуықтады, – деп бастады әңгімесін Әзілбек. – Өзімнен үлкен Ғалымбек деген ағамның арқасында кішкентайымнан компьютермен жағалсып өстім. Ең алғашында қытайлардың компьютер жөндеу шеберхансына шәкірт болып кіргенімде көп нәрсені көлегейлеп, ашып үйретпеуші еді. Уақыт өте келе бәрін бес саусағымдай анық біле бастадым. Құдайға шүкір, қазір кез келген компьютерді «жіліктеп», менің көмегіме зәру болып келген қаракөздерге «мынау жасалады», «мынау құнын ақтамайды» деп ашалап түсіндіремін. Жасыратыны жоқ, көптеген бауырларымыздың компьютер жөнінде білімдері өте таяз. Солай бола тұрса да, әлдебір әріптестеріміз сияқты бесті он бес деп соғудан аулақпын. Өйткені адал еңбекпен табылған ақша ғана берекемен жұмсалады.

Бауырымыздың бұл сөзіне сол арада-ақ куә болдым. "Қол компьютерін" құшақтап келген қарындасымыз Әзекеңнің көмегіне жүгінді. Дереу «бұтын бұт, қолын қол» қылып диагноз қойған «шеберіміз» ақысына 4000 теңге сұрады. Мәз болып кеткен қарындасымыз аса қуанғанын жасырған жоқ. Қалтасынан 10 мың теңге алып шығып берді де, «мына жаққа барып едім, 15 мың теңге сұрады. Сосын сізге келгем ғой. Неде болса 10 мың теңгеге жасап берер деген оймен. Қандай кермет болды... Сізге көп-көп рахмет» деп алғысын жаудырды. Бізде ризашылғымызды білдірдік.

Әзекең, жоғалған құжаттарды қайтаруға көлемі үлкен болғандықтан 1 тәуліктен астам уақыт кететінін айтып, ғалым ағамызды жолға салды. Бар еңбегін ертең тауып алатынына сенер-сенбесін білмей ол кісі де бізбен қоштасты.

Әңгімеміз жарасып, біраз отырып қалдым. Компьютері вирусталғандар, тіл тақтасы істен шыққандар, экраны көрінбей қалғандар... Қойшы, әйтеу, барлығы келіп жатыр. Бір жақсысы, мұнда тек жөндеу жұмыстары ғана емес, компьютерге қатысты негізі бөлшектердің бәрі бар екен. Бір уақытта жүзіне күлкі үйірілген Әзекең әлгі ғалым көкеміздің құжаттары қалпына келе бастағанын айтты. Көріп таңғалдым. Әсіресе, біз сияқты бар «байлығын» техникаға тапсырып жүрген журналистер қауымына керек-ақ дүние екен. Жазған-сызған материалдарынан көз жазып қалған әріптестеріміз қаншама? Шынымды айтасам, осы жазбаны қолға алуға Әзекеңнің дәл осы қызметі түрткі болды.

Байқап қарасақ, соңғы кездері «Қазақ сауда істей алмайды», «Қазақ техниканың тілін білмейді» дегендердің ауызына құм құйылып келе жатқан сияқты. Өйткені қазір басқа қаланы қайдам? Алматыда компьютеріңізді де, ұялы телефоныңызды да, көлігіңізді де жөндейтіндердің басым бөлігі қазақтар. Әзілбек Қызырбекұлы да соның бірі.

Біләл Қуаныш

Masa.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5265