Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
2595 0 пікір 8 Желтоқсан, 2023 сағат 10:28

Иран президенті Ресейде жүр

Иран президенті Эбрахим Раиси ресми сапармен Мәскеуге барды. Бұл туралы Ресейдегі ислам мемлекетінің елшісі Казем Джалали мәлім етті. 

«Иран президенті Эбрахим Раиси Мәскеуге РФ басшысы Владимир Путинмен кездесуге келді», - делінген елшінің Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Ресейдегі ислам республикасының елшісі Казем Джалали атап өткендей, оқиғалар қарқынмен өзгеріп жатқан қазіргі жағдайда Иран басшысының сапары және Тегеран мен Мәскеудің өзара әрекеттестігі «жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыруға маңызды үлес қосып отыр».

Сәрсенбі күні Кремльдің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Путин мен Раисидің келіссөзі барысында сауда-экономикалық ықпалдастық, соның ішінде көлік және энергетика мәселелері талқыланады, сондай-ақ негізгі халықаралық және өңірлік тақырыптарға қатысты пікір алмасу болады.

фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1428
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2998
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1075
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1004