Төрт аймақтың қарым-қатынасы арта түспек
Биылғы шілде айында Өскеменде өткен Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының өңіраралық интеграция аясындағы ынтымақтастық форумы барысында төрт облыстың ірі кәсіпорындары мен жергілікті өнім өндірушілері арасында 16 млрд. теңгенің 40 құжатына қол қойылған болатын.
Өзара ынтымақтастық жөнінде 20 меморандум, 7 ұйғарым хаттамасы, 8 ұйғарым келісімі, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары арасындағы ынтымақтастық жөнінде үш меморандум қабылданған болса, сол қол қойылған 40 келісімнің 24-і біздің кәсіпорындар бойынша жасалынды.
– Республикада алғаш рет біздің облыста ұйымдастырылған бұл игі шараның нәтижесін көруге әлі ерте дегенімізбен алғашқы қадам-дар жасалып, өзара ықпалдастық арта түсуде. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» демекші, Қазақстанның қуатты өңірлері саналатын төрт аймақтың алыс-берісінің, түрлі бағыттағы байланысының артуы ел экономикасының нақты секторына да едәуір серпін бередідейді өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласының мамандары.
Сату, сатып алудың бісмілләсі көрме мен жәрмеңкеден басталады. Тамыз айында «КЭМОНТ», «Семей инжениринг», «Азия Авто», «Өскемен конденсатор зауыты» кәсіпорындары сияқты облыстың бірнеше ірі өндіріс орындары өздерінің шығарып отырған өнімдерімен Қарағандыда өткен «Қазақстанның үздік тауарлары» көрмесіне қатысып қайтты. Осы фо-рум – көрме аясында «Арселор Миталл Темір-

тау» АҚ-ның жергілікті құрамды дамыту қыз-метімен шеттен сатып алынған өнімдерін біздің аймақта өндіріліп жатқан тауарлармен алмастыру жөнінде кездесу өткізіліп, Шығыс-тағы шағын және орта бизнес нысандарының өнімдерін өткізу бағытында еліміздегі ең ірі әлеуетті тұтынушымен өзара берік байланыс орнатылды.
Енді Павлодар қаласындағы ЕNRS компаниясы өкілдерімен облыстағы өнеркәсіп та-уарларын аталған өңірге жеткізу туралы кездесу өткізілмек.
– Қазіргі күні 2009 жылы біздің облыста жасалған, кәсіпорындар шығаратын өнімдер балансы үлгісінде төрт облыс кәсіпорындары-ның өндіретін өнімдер балансы мен олардың тұтыну болжамы жасалып жатыр, – дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы қазақстандық құрам жөніндегі бөлімінің жетекшісі Жанат Тұрсиянова. – Үлгі өңіраралық интеграция бойынша құрылған жұмыс тобының алдағы отырысында келісіледі. Өнімдерді шығару мен жеткізу балансына талдау жүргізу бізде 40 кәсіпорын бойынша жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы бұл кәсіпорындар шығарып отырған өнім көлемі 211,2 млрд. теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 34,6 пайызға өсті. Қазір – құрылыс қарқын алған уақыт. Бізде құрылыс материалдарының барлығы дерлік шығарылады. Тек төбе жабындылары мен ағаш өнімдері ғана жетіспейді.
Қазір олар Ресей мен Қытайдан сатылып алынуда. Сонымен бірге арматура, шыны материалдары біраз мөлшерде Қарағанды мен Ресейден келуде. Форумға қатысқан облыс әкімдіктеріне құрылыс бойынша өзімізде қан-дай материалдар шығарылатынын және қандай материалдардың қажеттілігін көрсетіп, тізімін жібердік. Жалпы, аймақтардың ықпал-дастығын кеңейту мақсатында 9-10 қазанда «Инвестициялар – аймақтарды интеграциялаудың негізгі тетігі» атты халықаралық форум өткізуді жоспарлап отырмыз. Форумның тұжырымдамасы жасалды. Дипломатиялық корпусқа, даму институттары мен атқарушы биліктерге, екінші деңгейдегі банктерге, өзгеде тұлғаларға шақыру жіберілді.
Өнеркәсіп саласындағы байланыс пен ын-тымақтастық тек сауда-саттықпен шектелмей-ді, болашақты бірге бағдарлап, жаңа жобалар жасаудың мүмкіндіктерін іздестіру – индустрия-ландыруға бет алған заманның басты талабы. Бүгінгі күні үш облыспен инвестициялық жобаларды бірлесе атқарудың жолдары да қа-растырылып жатыр. Қазірдің өзінде иннова-циялық, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша Алматы облысымен біршама байланыстар орнатылған. Алматыдағы машина құрастыру зауытында С.Аманжолов атын-дағы ШҚМУ-дың төрт бірдей инновациялық жобасын өндіріске енгізуді жетілдіру жоспарланып отыр.
Елбасының үнемі алға қойып отырғанындай, Қазақстанда инновацияны дамытуға, инновациялық жобаларды ынталандыруға үлкен мән берілуі тиіс. 2011 жылы Шығыс Қазақстан бойынша жолданған әрбір төртін-ші тапсырыс Ұлттық инновациялық қор арқылы қаржыландырылып отырған екен. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заң қабылданып, соған сәйкес мемлекеттік қолдау көрсетудің біртұтас операторы – «Технологиялық дамуды өркендетудің ұлттық агенттігі» АҚ болып бекітілгеннен бері облыс бойынша бірде-бір жоба қаржыландырылмапты. 2012 жылы республика көлемінде бар-жоғы үш жоба қаржыландырылған. Осылайша Ұлттық агенттік тарапынан жергілікті өңірлердегі инновация-лық туындыларға тиісінше қолдау көрсетілмей отыруына орай төрт облыс Үкіметке хат жол-дап, осы мәселені көтеру бағытында күш бірік-тіріп, оны бірлесе шешуді ойластыруда.
Төрт облыстың ірі кәсіпорындарының алғашқы жартыжылдықтағы тауарлар мен қызметтерді, жұмыстарды сатып алу көлемі 188,6 млрд. теңгені, оның ішінде жергілікті құрамның мөлшері 109 млрд. теңгені құраған. Алдағы уақытта өзара сауда-саттықты нығай-тып, интеграцияның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін толық хабардар ете алатындай төрт облыстың біртұтас өңіраралық сайты ашылмақ.
Абай-ақпарат