Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2401 0 пікір 10 Қыркүйек, 2009 сағат 04:53

«Дала қыраны-2009» бітімгершілік оқу-жаттығуларына 1300-ден аса әскери қызметкер қатысады

Астана. 10 қырқүйек. ҚазТАГ – 14 қырқүйекте ҚР ҚК аэромобильді әскерлерінің Іле полигонында НАТО елдерінің қолдауымен «Дала қыраны-2009» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуларының салтанатты түрде ашылуы өтеді. Қырқүйектің 26-сына дейін жалғасатын оқу-жаттығуларға 1300-ден аса адам, жүзден аса әскери және арнауы техника мен әскери-көлік техникасы тартылады. Оқу-жаттығулардың белсенді кезеңі 22-24 қырқүйекте өтеді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ашылу салтанатына ҚР қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, Ұлыбритания және АҚШ елдерінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшілері, НАТО штаб-пәтерінің өкілдері және ҚР-да аккредитацияланған әскери-дипломатиялық корпус қатысады.

«Бірлескен оқу-жаттығулар жоспарлы тәртіппен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша бұрын қол қойылған құжаттар мен келісімдер негізінде өткізіледі», - деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

Жаттығуларға қазақстандық әскердің, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттар қарулы күштерінің жауынгерлері қатысады. «Погон таққан адамдар көпұлтты контингенттің құрамында қақтығыс ауданында бітімгершілік миссияны атқаратын болады», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Хабарламада атап көрсетілгендей, оқу-жаттығулардың мақсаты Қазбриг бөлімшелері мен Альянс қарулы күштерінің бейбітшілік пен келісімді қолдау жөніндегі операцияны орындау барысында үйлесімді әрекет етуін тексеру және бөлімшелерді үздіксіз басқарудағы командирлердің тәжірибесін арттыру, бітімгершілік операция кезінде олардың арасында өзара ықпалдастықты ұйымдастыру болып табылады.

«Дала қыраны-2009» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуларының қорытындысы бойынша, Қазбригтың дайындық деңгейін қазақстандық әскердің сарапшылары бағалайды.

Баспасөз қызметінің атап көрсетуінше, бұған дейінгі оқу-жаттығуларда шет мемлекеттердің әскери бақылаушылары, НАТО-ның түрлі штабтарының сарапшылары және Ұлыбритания мен АҚШ қарулы күштерінің өкілдері қазақстандық жауынгерлердің дайындық деңгейін жоғары бағалаған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407