Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 6669 9 пікір 12 Желтоқсан, 2023 сағат 18:10

Алашорда үкіметінің құрылған күні

1917 жылы 12 желтоқсанда осыдан 106 жыл бұрын Орынбор қаласында 5-13 желтоқсан аралығында өткен екінші жалпықазақ съезінде Алаш Орда үкіметінің құрылғаны жарияланды. Осы съезде бірінші баяндаманы Әлихан Бөкейханов жасады.

Әлихан Бөкейханов жасаған баяндамасы негізінде шығарлған қаулыда Қазақ автономиясы, милиция және Ұлттық кеңес мәселелерін қарау үшін жеті адамнан тұратын комиссия құру туралы шешім қабылданды. Екінші жалпықазақ съезінде құрылған комиссия атынан Халел Ғаббасов автономия, полиция және Ұлттық кеңес туралы баяндама оқыды.

Халел Ғаббасұлы атлған баяндамасын: «Әркім өзін ойласа, ешкім ешкімге бағынбаса, азаматтық соғыс басталуы мүмкін. Мемлекеттің бүкіл аумағын анархия толқыны алып жатыр. Ол барлық үлкен қалалар мен шағын ауылдарға кірді. Қазақтар қоныстанғалы тұрған анархия адамдардың өміріне, мүлкіне, баспанасына қауіп төндіреді. Адамдар қорғаусыз қалды. Бұл қиын кезеңнен шығудың бірден-бір жолы – қазақ облыстары мен аймақтарында қуатты мемлекет құру. Қазақ аймақтарын анархия басып алса, қазақ халқының мүлде жойылып кету қаупі болуы мүмкін. Сондықтан келеңсіздіктердің алдын алу үшін халық әскерін – халықтық жасақ құру қажет» деп бастады.

Бұдан өңге, Халел Ғаббасұлы автономияны құрудағы Әлихан Бөкейхановтың рөлін ерекше атап өтіп, жаңа автономияны «Алаш» деп атауға ұсыныс жасады. Осылайша 1917 жылы 12 желтоқсанда съезд делегаттары ұзақ талқылаудан кейін уақытша ұлттық кеңес – Алаш Ордасын құрады. Осы талқылау барысында көпшілік дауыспен Алаш Орда үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.

Әлімхан Ермеков кейіннен бұл туралы «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 22 қаңтардағы No28 санында: «12 желтоқсанда түскі астан кейін сағат 3-те «Алаш» деп аталатын автономия дүниеге келді. Бүкіл қазақтың үкіметі құрылып, Алаш туы көтерілді. Бұрын бай ауылдарда топтасып, шашырап кеткен қырғыз-қазақтар өз ауылына жиналды. Отаны жоқ халық атамекенін тапты» деп жазды.

Алаш қозғалысының өкілдері, олардың жақтастары ұлы гуманитарлық миссияны жүзеге асырмаққа бел буды. Бірақ сталинизм жағдайында ұзақ уақытқа созылған Алаш Орда үкіметі мен мүшелеріне қатысты салған тыйымдар байланысты асыл арсытарымыздың мұрасының бір бөлігін жоғалтқанымызға қарамастан Алаш қозғалысының арқасында ХХ ғасырда қазақ қоғамының бұрын-соңды болмаған мәдени прогресінің көптеген тағантастық түп негіздері құрылып нығайды. Алаш қайраткерлері Қазақстанның және қазақ халқының нағыз патриоттары еді. Сондықтан Кеңес үкіметі оларды 1937-1938 жж. саяси қуғын-сүргінге ұшыратты. Олар қазақ халқының ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыру үшін өз өмірлерін құрбан етуге дайын нағыз мемлекет қайраткерлері болғандығын ерек атап өтуге болады.

Аталған съезден кейін «Алаш Орда» автономиясы өзінің кең көлемді жұмысын бастады.

1917 жылы 20 желтоқсанда Әлихан Бөкейханов Сібір өлкелік кеңесіне жеделхат жолдап, онда Алаш автономиясы мен Алаш Орда уақытша үкіметінің құрылғанын мәлім етті. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ортақ мақсаты ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізу, қазақ қоғамын жаңғырту, халықты заманға бейімдеу болғаны белгілі. «Алаш Орда» автономиясының мемлекеттік идеялары әрқашан мемлекетіміз үшін өзекті болып қала береді.

Олардың тарихи миссиясының жүзеге асқандығы Тәуелсіз Қазақстан жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтетін Тәуелсіздік күнімен де берік байланысты.

Керімсал Жұбатқанов,

тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534