Нұрекең Мәскеуде жүр...
Экс - президент Тәуелсіздік күні Ресейге тартып отырған. DALA INSIDE-қа белгілі болғандай Әбішұлы Путиннің қабылдауында болады.
Кремль көсемі кездесуге аса ынтызар емес, алайда тықақтап тұрып алған Нұрекең ақыры діттеген мақсатына жетсе керек.
Ақордамен аффирленген телеграм каналдардың айтуынша Әбішұлы атышулы мемуарын алдыға салып барады. "Менің өмірім" дейтін ғұмырнамалық еңбегінде экс-президент Путиннің мақтауын асырып, астына көпшік төсеген-ді.
DALA INSIDE дереккөзінің мәлім еткеніндей Назарбаевтың Кремль көсеміне көзбе-көз айтар жеке бұйымтайы бар...
Тәуелсіздік күні Мәскеуге ұшып кеткен "тұңғыштың" әрекетінен-ақ, оның ұлық мерекеге атүсті қарайтынын аңғаруға болады.
Кремльден ұзап шықпайтын Путиннің Әбішұлын шамалы күте тұруға шыдамы жетер еді.
Демек, зейнеткердің жүрегі тыныш емес. Әлденеге алабұртып жүр. Тәуелсіздік мерекесін тәрк етіп, Мәскеуге аттанып кеткен Нұрекеңнің бұл кетісі тегін емес деп топшылауға болады.
Abai.kz