Жексенбі, 24 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 9800 21 пікір 22 Желтоқсан, 2023 сағат 14:34

Ресей енді Өзбекстан жеріне көз тікті

Ресейдің түрлі деңгейдегі саясаткерлері соңғы 5-10 жылдықта бұрынғы Кеңес Одағының Республикаларына қатысты империялистік пиғылдағы мәлімдемелерді жиілетті.

Әсіресе Қазақстанның солтүстігіне қатысты Ресей саясаткерлері: «КСРО-дан шыққан мемлекеттер КСРО тараған кезде орыстың жерлеріне қарқ болған! Қазақстанның солтүстігі Ресейдің жері», - деген сөздерді аз айтқан жоқ.

Енді міне, күні кеше ғана орыстың жазушысы, келер жылғы президент сайлауындағы «Путин командасының» өкілі Захар Прилепин: «Украинадан соң Өзбекстанды және басқа бұрынғы КСРО-дан шыққан мемлекеттерді Ресейге қосып алуымыз керек», деп мәлімдеді.

Бұған Өзбекстанның Парламенті мен түрлі деңгейдегі саясаткерлері қату жауап беріп жатыр. Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Өзбекстандағы елшісі Олег Мальгиновті министрлікке шақырып, сөгіс айтқан.

Бір күн бұрын «Әділетті Ресей – Шындық үшін» партиясының тең төрағасы Захар Прилепин: «Бізге гастарбайтерлер келіп жатқан аймақтарды қосып алып, адамдарды сол жерлерде, мысалы Өзбекстанда оқыту керек деп есептеймін.

Украинадағы соғыста ықтимал жеңіске жеткеннен кейін, Ресейге бұрынғы КСРО аймақтарын талап етуге ешкім тыйым сала алмайды. Мен қалжыңдап тұрған жоқпын. Біз бұл тақырыпты көтереміз. Өз кезегінде бұл бізге қалаған уақытта «Біздің екі миллион азаматымыз сіздердің аймақта жүргендіктен, біз бұл аймақты талап етсек болады» деп айта аламыз», – деген мәлімдеме жасаған.

Мәлімдемеге жауап ретінде Өзбекстанның СІМ-і Ресей елшісін шақырып, айтылған мәлімдемелердің Өзбекстан мен Ресейдің тарихи достық келісіміне кесірін тигізуі мүмкін екенігін ескертті.

Ресей елшісі өз кезегінде: «Жазушы Прилепиннің айтқандары Крмльдің ресми позициясы емес», - деп ақталды.

Дариға Ержанқызы

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570