Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1020 0 пікір 21 Тамыз, 2026 сағат 14:57

Оңтүстік Кореяға кіру тәртібі өзгерді. Нені білу керек?

Сурет: 24.kz сайтынан алынды.

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға жұмысқа аттанар алдында міндетті дайындықтан өтеді, деп хабарлайды Еңбек министрлігі. Үміткерлерді іріктеу Алматыда EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады.

«Бұл жерде корей тілін білу бойынша EPS-TOPIK тестілеуі, кәсіби дағдыларды бағалау, сондай-ақ жұмыскерлерді Корея Республикасына кетпес бұрын міндетті даярлау ұйымдастырылады. Іріктеу кезінде білімі, жұмыс тәжірибесі және бар кәсіби сертификаттары ескеріледі», — деп хабарлады ведомстводан.

Іріктеу баллдық жүйе бойынша жүргізіледі. Кандидаттар қатарына 18 бен 39 жас аралығындағы азаматтар жіберіледі. Бұл ретте үміткердің сотталғандығы, Оңтүстік Кореядан депортациялану немесе елге кіруге тыйым салу фактілері, сондай-ақ Қазақстаннан шығуға шектеулері болмауы тиіс.

Қазақстандықтар EPS бағдарламасы шеңберінде Оңтүстік Кореяда үш жылға дейін жұмыс істей алады. Жұмыспен қамту мерзімі одан әрі бір жыл он айға дейін ұзартылуы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2930
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1007
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 944