Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2957 0 пікір 12 Қыркүйек, 2013 сағат 08:54

Өскемен: мүсіндер "құпиясы"

Өскемен қаласының әкімдігі облыс орталығының 293-ші туған күн мерекесін атап өту барысында осыған дейін сыры ашылмай келген біраз жаңа мүсіндердің құпиясын жұртқа жария етпек.

Олардың бірі - Комендантка өзеніндегі көпірдің жанынан орын тепкен, әйелдер қауымына жақсы таныс кәдімгі жуылған кірді жел ұшырып кетпес үшін жіпке қысып қоятын қысқыштың, сондай-ақ, кіршіксіз махаббаттың символындай болып құшақтарын айқастырып тұрған қазақтың қыз бен жігітінің мүсіндері. Айта кетейік, граниттен соғылған бұл ғашықтардың орнында бұрын жасыл түсті бақа тұрған.

Сонымен қатар, үлкен сақина мен білезіктің әсем мүсіндері қаланың әр көшесінен жарқырап көз тартады.
Хас шеберлердің қолынан шыққан тың туындылардың тағы бір парасы Тәуелсіздік даңғылы мен Мостовой көшесінің түйіскен тұсына орнығыпты. Мұнда алтын түсі күнге шағылысқан Алтайдың әйгілі бал арасының жұбы мен одан әріректе бұрала билеген ер адамның мүсіні қойылған-ды. Сәулетшілердің ойынша, бидің қимылын келтіріп тұрған ер адам ұлттық құндылықтарымыздың бірі - қара жорғаны орындаушы болса керек.

Өскеменнің сәніне сән қосып, түрлендіре түскен жаңаша мүсіндердің мән-жайын түсініп, мазмұнын білмек ниетпен қалалық әкімдікке хабарласқанымызда, ондағы мамандар тұрғындар үшін жасалып жатқан тосынсыйлардың мұнымен шектелмейтінін, қала күнінде басқа жаңалықтар да болатынын айтып қызықтырды. Олардың сөзіне сенсек, бұл сәулет туындыларының кейбірі Шахеризада ханшайымы туралы Шығыс ертегісінің желісі бойынша салыныпты.

«Әзірше олардың сырын жарияламай сақтай тұралық. Қыркүйектің 14-інде тойланатын қала күні мерекесінде барлығы белгілі болады», - деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бір қуаныштысы, көпшіліктің көзайымына айнала бастаған шедеврлер атымтай азаматтардың демеушілік қаржысының арқасында дүниеге келіп отыр.

Шығыс-Ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377