Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3071 0 пікір 9 Қазан, 2013 сағат 05:55

Шәріпхан Қайсар. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» осы емес пе?..

Өткен жазда жолым түсіп Түлкібас ауданының орталығы (Оңтүстік Қазақстан облысы)  Тұрар Рысқұлов кентінде болғаным бар. Ораза айы. Туысқанымның үйіне тура ауызашарға бара қалыппын. Ауыл молдалары, өзге де ораза тұтқан жамиғат жиналып жатты. Біз, бір топ жігіт, сыртта әжүң-гүжің әңгіме айтып тұрдық. Ортамызда бір ала тақиялы ағайын да бар еді. Мен оның түбі өзбек екендігін аңғарып, әңгімені сауда-саттыққа қарай бұра бердім. Саясатты сапырып, сөз қылысқан қазекеңдер де әлгінің аузына қарай қалды.

- Сауда ма? – деді ала тақия, - қазір жақсы болды ғой. Ресей мен Қазақстанның кедендік одаққа біріккені тіпті керемет болды!

- Сіз солай дегеніңізбен мына жұрт жылап жүр ғой: «Кедені құрысын» деп?

- Кедендік одақ құрымасын. Қайта күшейе түссін. Кедендік одақ болғалы мына біздің, Ноғайсібір мен Үркітке жеміс-жидек таситын саудагерлердің, жолы ашылды. Қолы жүре бастады.

- О, пәлі! Қалай?

- Қалай деріңіз бар ма, бұрын күре жолда қарақшылар бір тонап, МАИ қызметкерлері екі тонап әбден ит сілкпемізді шығарушы еді, Кеден Кеден болғалы соның бәрі сап тиылды. Қарақшы жоқ. Жол бақылауда.

Ала тақиялым жымың-жымың етіп, мәз бола түсті.

- МАИ қызметкерлері «бүйректен сирақ шығарып» тисуші еді ғой. Оларын қойды ма?

- Былайынша қойды деп айтуға болады. Бірақ олармен келісіп, тіл табысу аса қиын емес.

- «Пәре бере саласың – бітті әңгіме» деші?

- Пәре бермеуге де болады. Оның үстіне үлкен жолдар мен МАИ бекеттерінде бақылаушы камералар тұр. Пәре алудан маишниктердің өздері де қорқады.

- Е-е, Кедендік одақ сіздерді әбден жарылқаған екен ғой?

- Әйткенменде, сауданың аты – сауда ғой, - деп қойды тақиялым. – Біз көліктерімізге артық жүк басамыз. Олай етпесек пайда табу қиын. Жол ұзақ. Барғанша жанар майың бар, басқаң бар, арып-ашып әрең жетесің. Жол үстінде тауарымыз бұзылуы да мүмкін. Сондай шығындардың орнын толтыру үшін жүктің салмағын арттыруға тура келеді.

- Содан?

-  Содан сол, МАИ бекетінен өткенде артық жүк үшін келісеміз.

- Қалай келісесіздер?

- Оны бізге МАИ-дағы жігіттердің өздері үйреткен. Көліктегі жүктің салмағын өлшейтін таразыға жеткенде машинаның астына таразыға тигізбей биік шөрке қойып жібереді.   Егер шөрке болмаса, таразы жүктің салмағын анық көрсетеді, ал оның бәрі бейнебақылауға түсіп тұрады. Сондықтан камераның «көзіне түспейтін» шөрке жарықтық көп нәрсені шешіп береді. Әр шөркенің өзіндік «құны» бар, соны төлейміз де, арқыратып арықарай тарта береміз.

-  Өзіңіздің жеміс өсіретін жеріңіз, бау-бақшаңыз бар ма, әлде дайын өнімді сатып алып үстеме бағамен сауда жасап жүрсіз бе?

-  Ай, бауырым-ай, сен өзі бұл жерлік емессің ғой деймін. Бұл жердікі болсаң білер едің, біз сияқты қуларға Тошкент пен Әндіжан тұрғанда бау-бақшаның керегі не? Олар бізге Қазақстанның шекарасынан өткізіп береді, біз айдап отырып Сібірге сатып келеміз. Пайда екі жаққа ортақ. Кедендік одақ іске кіріскелі бері өзбек қазаққа жеміс-жидегін шығарып шығындалмайтын болып алды, бірден біз арқылы Сібірге жөнелтеді. Табыс деген шаш етектен, ақша буда-буда.

Осы кезде саяси сауаты жоғары бауырларым әңгімеге араласты:

-  Рас, биыл жеміс-жидек тым қымбат. Қарбыздың келәсі  жылда  9-10 теңге еді, биыл 50-60 теңгеге жетіпті. Картоптың бағасы да ұшып барады.

- Қырғыздың картобын да біздің жігіттер көтере сатып алып Ноғайсібірге апарып жатыр, - деп қалды алатақиялы жігіт ағасы.

-  Е-е, ендеше биыл картоп та жоқ десеңші.

(Қазақтар көкжиекке көз салып күрсінстік. Көкжиек бұл шамада шымқай қызыл түстен арылып, бірте-бірте көгіс тартып бара жатқан. Ауыз  ашатын уақыт болыпты. Бәріміз жамырай келіп дастарханға бас қойдық).

Ендігі сөзді аз-кем өз хәлімізден баяндайын.

Кедендік одақ дегенде іштей бір нәрседен дәметкен пенденің бірі мен болдым. Ойладым: еліміздің ауылшаруашылығының бойына енді қан жүгіретін шығар, орыс пен белорысты ет пен сүтке, өзге де далалық өнімдерге қарық қылатын шығармыз. Малшыларымыз бен диханшаруаларымыз Кеденнің пайдасын көретін болады деп. Қайдаааағы? «Армандапсың ақ тоқты қыстыгүні көк шөпті» демекші, біздің дәмеміз Дәмелінің дамбалындай бірдеңе болып шықты. Етті беларусьтер вагондап әкеліп үйіп тастады. Қазір қазақтың малы қайтадан арзандап тоқсаныншы жылдардағыдай еті (құны дегеніміз ғой) топыраққа айналып жатыр. Сүтті орыс кәсіпкерлері бұлақтай ағызып қойды. Дәнді дақылдар мен жеміс-жидекті өзбектерден еселеп сатып алуда. Өзбек КО-ға күліп қарағанымен оның пайдасын қазақтан артық көріп отыр. Міне, кешелі-бері біздің Ауылшарушылығы министрлігі қазақтың ауылшаруашылғы өнімдері Кедендік одақтың талабына сай емес деп бәсекелестік майданынан қол көтеріп шықты. Кедендік одақ қызметі басталмай жатып орыстар «қазақ малын далаға сояды, стандарт жоқ, қазақта қасапхана жоқ» деп айқай салған. Сонымен малдың еті мен малдың еті мен сүтінен жасаған өнімдерімізді орысқа өткізе алмай пұшайман болғанбыз. Өткен қыста ресейлік мамандар қазақ кәсіпкерлері шет елден мемлекеттің қаражатын шашып жүріп сатып әкеліп жерсіндірмекке әрекет еткен асылтұқымды сиыр малынан аусыл шықты деп тұқым-тұяғын қалдырмай өртетті. Енді міне, Ауылшаруашылғы министрлігі соның бәрін мойындап, ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болыпты. Енді не қалды? Енді тек Путин Прмьер-министр болып тұрған кезде орыстың машина шығаратын зауыттары жасап қойған, ешқайда өтпейтін, «картоп тасуға ғана жарайтын» (осылай деп Путиннің өзі айтқан болатын), арғы ғасырда қалған «арбаларға» аяқ артып, белорыстың өрісінде жайылған, дәмі су татыған, сүйегі жасық малдың етін жеп, сүтін ішіп, қытайдан қажетімізге жарайтын заттың бәрін тұтынып шалқайып жату ғана қалды. Қазаққа бұдан артық не керек? «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» деген заман қазақ үшін осы емес пе?..

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019