Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2890 0 пікір 9 Қазан, 2013 сағат 06:30

Министр мырза, бұл әрекеттеріңіз коррупцияға жатпай ма?

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,

комитет  төрайымы Д.Н.Назарбаева ханымға

 

ҚР Білім және ғылым министрі

А.Б.Сәрінжіпов мырзаға

 

Елдегі  ағарту саласына,  ғалымдарға  басшылық  жасаған  экс-министр Б.Жұмағұлов масқара болып  қызметінен кетсе де, оның тәлімін көрген, ол жасақтаған министрліктегі оның руласы вице-министр М.Орынханов (матай), мемлекеттік қызметтің «А» тобына емтиханнан өтпей қалған С.Ырсалиевтер  қоғамға қауіпті деп жүрген  құбылыс сыбайлас жемқорлық  әрекеттерді жасырып оларды қорғап жалған жауап беріп, қолданыстағы заңды бұзуда.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,

комитет  төрайымы Д.Н.Назарбаева ханымға

 

ҚР Білім және ғылым министрі

А.Б.Сәрінжіпов мырзаға

 

Елдегі  ағарту саласына,  ғалымдарға  басшылық  жасаған  экс-министр Б.Жұмағұлов масқара болып  қызметінен кетсе де, оның тәлімін көрген, ол жасақтаған министрліктегі оның руласы вице-министр М.Орынханов (матай), мемлекеттік қызметтің «А» тобына емтиханнан өтпей қалған С.Ырсалиевтер  қоғамға қауіпті деп жүрген  құбылыс сыбайлас жемқорлық  әрекеттерді жасырып оларды қорғап жалған жауап беріп, қолданыстағы заңды бұзуда.

   ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңының 5-бабының 5, 7 тармақтарына,  6-бабының 3 тармағына,  7-бабының 1, 3 тармақтарына сүйене отырып  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атына  жазылған хаттарым,  23 қараша 2012ж. (12601/ЖТ-Ц-649,3); 31  шілде 2013ж ( № ЖТ-Қ8134,\1)    08 тамыз, ((№ ЖТ-Қ8134); 15 тамыз 2013ж,    (№ ЖТ-Қ8134,\3); 9 кыркүйек 2013ж (981\\№ ЖТ-Қ-8134,\2); 25 қыркүйек (№ ЖТ-Қ8134,\4); 02 қазан  2013ж, (№ ЖТ-Қ8134,5).  күндері  қолданыстағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 15-бабының 2 тармағының 2,6 тармақшаларындағы талаптарды өрескел бұзып, (үстінен шағымданған, ешбір әрекет жасамаған министрліктің өздеріне тексеруге жіберілмейді),  ҚР білім және ғылым министрлігіне тексеруге жіберілген. Алайда Білім министрлігі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Л.Бөлебаева  маған барлығына 1 хатпен сауатсыз- сырғытпа жауап жіберген. 

 Ол мен жазған хаттардабүгінде ҚР Президенті жүргізіп отырған салиқалы саясатқа бөгет жасап, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған, өз залалын  күннен-күнге күшейтіп келе жатқан құбылыстың ең қауіптілерінің бірі-ол жоғары оқу орындарын жайлап алған "Сыбайлас жемқорлық" әрекетінің шегінен шығып асқынуы жөніндегі  бірнеше фактылар жолданған  болатын.

 Жоғары билікте Елбасының атына көлеңке түсіретін "мықтыларға" сүйенген, кейбірЖоғарғы оқу орынының (ЖОО-ның) басшылары өз мүдделерін ұлт мүддесінен жоғары қойған, тек баюды мақсат тұтқан маңайына өздері сияқты непотизмен "ауырған" тамыр-таныстарын жинап алып қоғамның демократиялық дамуына кедергі жасауда. Мұндай "сыбайластық, жең  ұшынан жалғасу" арқылы әрекет ету қазақ қоғамы үшін қазір өте қауіпті.

Ол хаттардың бірінің қысқаша мазмұны төменгідей.

            Онда  мына «қорғалған» диссертация туралы дәлелді фактылармен жазылған.. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ–нің институт директоры - Бердібаев Рәт Шындалыұлының негізгі базалық мамандығы техника саласы бола   тұра, ретін тауып  саясаттану ғылымынан кандидаттық диссертация «қорғаған». 

Ғылыми жетекшілері:  Саяси ғылымдарының докторы  Андиржанова Г.А.

Философия «ғылымдарының докторы», профессор Сыдықов Ұ.Е.

 Бұл ғалым-Садықов Ұ.Е. өзінің заңды құжаты- дипломы болмаса да ғылым докторымын деп жазады.

Қазақстан Республикасы,  Алматы- 2010 ж

Диссертация 124 беттен  тұрады. (қосымшасымен 135 бет)

Пайдаланылған әдебиеттер саны тек 132 ғана. Аталған диссертацияның көлемі мен қолданылған әдебиеттер тізіміне  келсек диплом жұмысындай ғана, талапқа сай емес.

Жарияланған мақалаларының барлығы өзінікі емес, дипломы жоқ «доктор» Сыдықовпен бірігіп  жазған. Сондай-ақ, барлық 18 мақаланың  15–сі  Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің Ғылыми практикалық конференцияларының материалдарында ғана  жарияланған. Бұл дегеніңіз ЖАК-нің міндеттеген жариялынымдарында басылуы қажет деген талапты орындамаған деген сөз.

Жалпы ғылыми еңбек диссертацияларға тән хронологиялық шегі анықталмаған, ол мүлде жоқ, қай кезең, қандай қоғам, қандай саяси билік өмір сүрген кезең  зертелгені белгісіз.

Саясаттану оқулықтарына көп сілтеме жасалған, ол зерттеу құндылығын төмендетеді. Ғылыми зерттеудегі басты талаптың бірі хронологиялық шегі көрсетілмеген, кезіккен фактілерді тіркей берген. Ғылыми зерттеу болған соң автор міндетті түрде белгілі бір хронологиялық  кезеңді қамтуы керек еді. Ондай кезеңге сүйенбесе диссертация  ғылыми зерттеу бола алмайды.

38 сілтемедегі 2 – схема Ресей ғалымдарынан көшірілген, ол автор Бердібаевтың зерттеуі емес, дайын  пікір және Қазақстанға қатысы жоқ пікір.

 

Осы Жоғары аттестациялық комитеттің талабын  сақтамай  бұзып «қорғалған» мүлде сауатсыз диссертацияны қалай бекіттіңіздер деп жазған хатқа Жұмағұлов басқарған министрлік  мынадай  дәлелі қауқарсыз жауаппен шектеліп сыбайластық  танытты.

Бердібаевтің  диссертациясының  өрескел кемшілігін талапқа сай емес екендігін жазған хатқа министр емес,  департамент директорының орынбасары Г. Көбенова ханым қол қойған   «бас десе ол құлақ» деген масқара жауап алдым. Жауабында Көбенова ханым Бердібаевті жатып мақтапты да,   көрсетілген кемшіліктерге жалған  сырғытпа жауап  беріп шектеліпті.

 Ол жауап хатында: «Бердібаев Р.Ш. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  Алғыс хаттарымен (2005, 2012), ҚР Білім  және ғылым министрлігінің (2004, 2008), Алматы қаласы әкімінің (2008, 2009), Бостандық ауданы әкімінің  (2008, 2012),  «Нұр Отан» ХДП орталық  комитетінің (2009) .... ең соңында «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша саяси кеңестің және сыбайлас жемқорлықпен күрес кеңесінің мүшесі» - деп  «шаң жуытпай мақтап»-жауап жазған. Ол алған марапаттары туралы сөз болған емес,  кемшілік оның кандидаттық диссертациясының    қолданыстағы талаптарды бұзып қорғалғаны туралы болған.  Әрбір беттегі нақты көрсетілген дәлелді кемшіліктерді жоққа шығара алмаған Г.Көбенова ханым  осылай мақтауға кірісіп сауатсыз жауаппен шектелген. (жауап пен автореферат тіркелген болатын)

Келесі заң бұзушылық.

 2011 жылғы 14 ақпанда №К-12,1 жауап хатында М.Орынханов мені  айтқанына көндіргісі келді ме, тағы бір заңсыз қорғалған жалған  докторлық диссертацияны қорғаштап,  мынадай сұсты жауап жазыпты:  Комитетте диссертациялар бірнеше сараптамалық кезеңнен өтеді.  «Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің» нормативтік талаптарына сәйкес аттестациялық істерді қарастыру барысында осы сала бойынша, яғни тарих ғылымдары саласынан халықаралық және республикаға танымал, беделді ғалымдардан жасақталған қоғамдық және сараптамалық  кеңсетерде мұқият қарастырылады»-деп мені эксперттердің халықаралық танымалдығымен  мені қорқытпақ болып сыбайластық әрекетке барған. Ал сол танымал сарапшы ғалымдары Семейде  Шәкерім атындағы университет жанындағы жасаған диссертациялық кеңесінде  2010 жылы 22  желтоқсанда     сыбайластықпен қорғалған  Д.Мұқатованың «Түркістандағы этносаралық қатынастар тарихы»-деген тақырыптағы докторлық диссертациясын заңдастырып бекітіп сыбайластық әрекетке жол берген.     Кандидаттық диссертациясын қорғағанына екі жылдай ғана уақыт болған. Авторефератында   «өзім жаздым» деп көрсеткен 31 мақаласының 2-уі ғана  2009 жылдың соңында жарық көрсе, қалған 29 мақала 2010 жылы 8-ай ішінде  жазылған.  Сөйтіп диссертант 10 ай ішінде, тіпті бір жылға жетпейтін мерзімде 31 мақала жариялаған.  Жарық көрген мақалалардың мазмұнында ешқандай жаңалық байқалмайды, бірін-бірі қайталаған мазмұны ұқсас мақалалар. Автореферат тізіміндегі 10,11,12,13,14,15 нөмірлі 6 мақала тұтасымен Поиск/ Ізденіс журналының  2010 №3 санында бірақ жариялануы әлемдік тарихта болмаған құбылыс. Осылай ғылымды «ойыншық» еткен адамның артында, қандай көкесі, қандай лауазым иесі тұрғандығы да белгілі.   Көкесіне сүйенген диссертант диссертациялық кеңестің басшыларымен сыбайластыққа барып мемлекетке, тарих ғылымына қиянат жасады.   Тарихқа ғылыми жаңалық емес алаяқтық жасаған...  Ал «антиплогиаттан» алған анықтамасы бұл ұрлықты ақтай алмайды, өйткені ол диссертациялардың өзара ұқсастығын салыстырудан аса алмайды.

 

Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің профессоры тарихшы, ғылым докторы К.Чатыбекованың    студенттерге арналған плагиаттық әдіспен жазылған оқу құралына министрлік комитетінің төрағасы С.Ырсалиев былай сыбайластық танытқан: «ҚазҰТУ басшылары Сіздің шағымыңызға байланысты, көрсетілген оқу құралын елімізге танымал тәжірибелі, білікті тарихшы ғалымдарды шақыра отырып, «Қоғамдық пәндер» кафедрасында 40 кафедра қызметкерінің қатысуымен кезектен тыс кеңейтілген кеңесін өткізгендігін хабарлаймыз. Сондай-ақ кеңсете аталған оқу құралы қайта талқыланып, нәтижесінде оның барлық талаптарға сай, оқу әдебиеттерінің көпшілік мақұлдаған талаптарына лайықты» деп сыбайластық жасап қылмысты (плагиатты) жасырған. Ол еңбектің 80 пайызы өзге ғабірнеше рет  жарияланса да, С.Ырсалиев өз лауазымын асыра пайдаланып жалпыға ортақ министрлік бекіткен заңға өзі қарсы шығып отыр.

Осы шикі  диссертацияларды,  эксминистр Жұмағұлов заңдастырып бекіттіріп диплом бергізді. Ал оның руласы М.Орынханов ол қылмысты жасырып, заңсыз қорғап қолданыстағы заң талабына сүйеніп жоғарыда Президент атына жазылған  хаттарға сырғытпа жауап бергізумен келеді. Бұл әрекет барып тұрған заң бұзушылық оның ішінде сыбайластық емес пе?

 Осы жоғарыда аталған қылмыстарды жасыруға ат салысқан есімдері аталған жалған жауапқа қол қойған лауазым иелерін «сыбайластық» әрекетке жол бергендері үшін жауапқа тартып  тиісті шара қолдануды талап етеміз.

Есенғазы Қуандық

тарих ғылымдарының докторы, профессор.

А.Байтұрсынов атындағы «Саңлақ»

автор медалінің иегері

«За справедливость» қоғамдық қозғалыстың мүшесі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333