Жексенбі, 24 Қараша 2024
1561 2 пікір 27 Желтоқсан, 2023 сағат 15:12

Тоқаев ұсынысы: Ресей — Қазақстан — Иран бағыты бойынша интернет-трафиктің балама желісін құру

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия экономика одағы басшыларының Санкт-Петербуртегі кездесуінде Ресей — Қазақстан — Иран бағыты бойынша талшықты-оптикалық байланыстың балама желісін қарастыруды ұсынды. 

Тоқаевтың сөзінше, бұл бағыт Үнді мұхитының жағасынан өтетін қазіргі халықаралық желіге қосылу үшін керек.

"Бұл - Еуразия кеңістігінде транзит трафигінің балама жолы ғана емес, сонымен бірге Еуразия экономика одағының жаһандық деңгейдегі логистикасын күшейте түседі", — деді Тоқаев.

Осы айдың басында Ресей билігі "Еуропа Ресей операторларын трафик айырбас нүктелерінен толық ажыратқан жағдайда интернет-трафикті өзге елдер арқылы бағыттауға дайын екенін" мәлімдеген.

Еуразия экономика одағына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей мүше болып отыр.

Санкт-Петербургтегі кездесуге қатысушылар бірқатар құжаттарға қол қойған. Оның ішінде Еуразия экономика одағындағы экономикалық процестерді 2030 жылдан 2045 жылға дейінгі аралықта дамыту туралы декларация да бар. Кездесу кезінде Еуразия экономика одағы мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісімге де қол қойылған.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5557