Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3124 0 пікір 8 Қазан, 2013 сағат 04:06

Мұхтар Шерім. Әкімдер де жылайды

   Іштерің күйсін! Іштерің күйсе, дастарханға бір шелек тұз төгіп, жалай беріңдер! Мен әкемнің арқасында әкім болдым! Анау мынау емес, аудан әкімі! Бұрынғы аудан әкімі кабинетіндегі креслосын құшақтап, еңіреп жылады. Қимай тұр. Сосын көз жасын сүртіп, маған қарады да:

- Саған үш хат тастап кетемін. Тек қиналғанда ғана біртіндеп ашарсың, - деді өксіп. Мен оған «Арты қайырлы болсын, тек саунада кездесейік!» -- деп көңіл айттым. Бұрынғы команда да: «Ой, бауырымдап!», - жылап, экс-әкімді құшақтап, енді бірі ішінен «пышақтап», қоштасып жатты. Қызметтен кету (егер өспесе) өліп қалғанмен тең екен-ау! Мені таныстыруға келген облыс әкімі құран оқымағанда, кабинетте жылап тұрғандар  жұмыртқа жеп отырғандай жым-жылас болмас еді-ау! Өтірік жылап тұрған аппарат басшысы алақанын жайып:

- Я, Алла, бұрынғы әкіміміздің жүрген жері жайлы болсын, қазіргі әкімнің  ішкен-жегені майлы болсын! Әумин!» --деп бата берді. Облыс әкімі бұрынғы әкімнің көз жасын қолымен сүртіп:

- Біз саған ризамыз. Мына креслода отыра бердіңіз, отыра бердіңіз, еш далаға шықпадыңыз... Жұрт сияқты параны жариялап емес, құпиялап алдыңыз. Рахмет сізге!—деді. Ол есіктен шығып бара жатып, көңілі босап кетті ме, қайтадан аңырай келіп, креслосын құшақтай алды. Жұрттың бәрі жылады. Қайран кресло, сен осыншама құдыретті ме едің?

  Әкімдік деген рахат жұмыс екен. Түк қиындығы жоқ. Қызметке келесің, отырасың, хатшы қызға көзіңді қысасың,  бөлім басшыларына: «Тыныш отырыңдар, шуламаңдар!» деп ұрсып қоясың. Бір күні әкімшілік алды азан-қазан болып кетті. Сөйтсем, менің жұмысыма наразы халық екен. Қиналып кеткендіктен, баяғы әкім беріп кеткен хаттың бірін ашып оқыдым, онда: «Халыққа құрғақ уәдені үйіп-төге бер!» деп жазыпты. Қуанғанымнан қойнымда қырық қыз жатқандай атып шығып, ой уәдені үйіп төктім дейсіз! Халық риза, мен риза. Бірақ бір ай өтпей жатып, халық тағы жиналды. Екінші хатты оқып шықсам: «Бұрынғы әкімді жамандай бер!» деп жазыпты. Халық алдына шығып:

- Бұрынғы әкімнен қалған мәселелерді шешемін деп, шашым ирек-ирек болып кетті!  Не деген оңбаған адам еді? Қатын екен ғой!—дедім.

- Сенің де уәделерің құрғақ!—деп қалды біреу.

  Мен әлгі кісіге бір шелек су шашып жібердім.

- Мұныңыз не, әкім мырза?—деп сұрады ол.

- Сулы, дымқыл уәде ғой, —деп ыржидым мен.

     Әкім болған рахат екен! Кабинетіңде не істесең де өз еркің!  Өйеба-ай, алақаным қыши беретін болды. Қасимын келіп, болмайды. Аппарат басшысы да қасып кетті. Қыши береді.

- Сіз пара алмасаңыз, ауырып қаласыз,-- деді ол жаны ашып.

- Ел-жұртқа «негр бет» болғым келмейді!

  Әдейі «көз қылып» айтқаным ғой. Бірақ айтқан жерден аулақ деп, екі қолымды артыма қайырып, оны әйеліме «скотчпен» айналдыра жабыстырып алып жүретін болдым. Пара алып қалмас үшін... Мәжілісте де, үйде де солай жүремін. Хатшы қыз тамақтандырады... Қолдарым қайырулы ғой... Содан бір күні  біреу «жер керек еді»» деп бір миллион теңге бермек болды. Қиналып кетіп, үшінші хатты хатшы қызға бердім. «Ағай дейім, ағай, ұялып отырмын...» дейді. «Оқышы!» «Қойшы ағай, ұяламын!» «Менде бет жоқ, оқы!»  Өзім оқысам: «Пара беруші келсе, бір жеріңді қысып отыр!» деп жазып қойыпты! Оның несі ұят? «Бір жерің» дегені-- көзіңді қысып,  «Мақұл, осы жолы ғана алайын» дегенің... Қуанып кетіп, әкімшілік күзетшісіне туфлиімді,  шұлығымды шешкіздім. Пара беруші келді. Ақшаны аяғыммен, башпай­ларым­мен қысып алдым! «Бұл параға жатпайды, мені Құдай атпайды» деп отырғанымда финпол жігіттерінің кіріп келмесі бар ма! Еңіреп жылағаным-ай! Олар да жылап, қолыма кісен салды. Қазір түрмеде жылап отырмын... О, әкімдер, сіздерге төртінші хат тастаймын, қиналғанда ашып оқыңыздар! Не деп жазсам екен, ә?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019