Жексенбі, 24 Қараша 2024
1562 0 пікір 28 Желтоқсан, 2023 сағат 13:58

Түркия Швецияның НАТО-ға қосылуын тағы бір мәрте қолдады

Түркия Парламентінің Сыртқы істер комиссиясы Швецияның НАТО-ға мүше болу өтінішін мақұлдады. Енді Түркия Парламентінің Бас Ассамблеясы Скандинавия мемлекетінің Солтүстік Альянсқа қабылдануы үшін тағы да  дауыс беру керек. Қазір осы мәселеге байланысты заң жобасы Анадолы елінің заң шығару органына жіберілді, деп хабарлады HalyqUni. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Түркия Парламенті Сыртқы істер комитетінің басшысы Фуат Октай Швецияның НАТО-ға мүше болу өтініші бойынша жылдам дауыс беруді күтпеу керектігін ескертті. Ол дауыс беру күнін Парламент Бас ассамблеясының төрағасы анықтайтынны айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркия Парламентінің депутаты Девлет Бахчели өз елінің Швеция мен Финляндияға қойған талаптарын орындамаса, Солтүстік Альянстан шығуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Ол Түркияның Скандинавия елдеріне НАТО-ға қосылу үшін бірқатар талап қойғанын атап өтті.

Саясаткер Солтүстік Альянсты Түркияға құрметсіздік көрсетті деп айыптап, түркі және ислам елдеріне НАТО-дан бөлек қауіпсіздің ұйымын құруды ұсынды. Бірақ оның ұсынысы сөз жүзінде ғана қалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560