Жексенбі, 24 Қараша 2024
1510 0 пікір 28 Желтоқсан, 2023 сағат 14:58

Қызылшаны қалай тоқтатамыз? - Бас дәрігер жауап берді

Денсаулық сақтау вице-министрі, мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова елімізде қызылшаның таралуы қашан бәсеңдеуі мүмкін екенін айтты.

«Бұл жағдай бәрімізге қатысты, өйткені індетті тоқтатудың жалғыз жолы - вакцинация. Енді бәрі негізгі санатты, яғни қызылшаға жиі шалдығатын 5 жасқа дейінгі балаларды қаншалықты тез және ұйымдасқан түрде қамтуымызға байланысты болады. Жағдайды тұрақтандыруда осы іс-қимылдарға назар аударып отырмыз», - деді А. Есмағамбетова.

Айта кетейік, елімізде қызылша инфекциясының таралуына қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр. Бүгінде қосымша вакциналауға жататын 1,5 млн адамның 608 мыңнан астамы егілді, қамту 40,5% құрады.

Мәселен, жыл сайын 1 және 6 жастағы 700 мыңға жуық бала егіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда қызылшадан екі бала көз жұмды.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555