Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2707 0 пікір 14 Қазан, 2013 сағат 06:32

Қандастарымызға азаматтық бес жылсыз берілмей ме?

Кешегі сенат мақұлдаған көші-қон туралы заң жобасынан кейін енді шетелдегі қазақ азаматтарына Қазақстан азаматтығы бірден берілмеуі мүмкін. Егер заң күшіне енер болса, көшіп келуші қазақ азаматтарына квота берілмеуінен бөлек, азаматтық алу үшін де басқа шетелдік келімсектер секілді  5 жыл күтуіне тура келеді.  

Шетелдегі қандастарды отанға оралту мәселесі еліміз тәуелсіздік алғаннан бері елбасымыздың басым бағыттағы саясаты ретінде жүзеге асырылып келеді. 1990-1991 жылдары «Еңбек шартымен» Моңғолиядан 10 мыңдай қандастарымыз елге оралып, көштің алғашқы легін бастаса, 2013 жылға дейінгі  аралықта 1 миллионнан астам бауырларымыз Қазақстан азаматы атанды. «Елге ел қосылса құт» дегендей бүгінде қандастарымыз еліміздің әр саласында жемісті еңбек етуде. Қытай, Моңғолия қазақтарында тіліміз, салт-дәстүріміз жақсы сақталғандықтан олардың елге оралуымен бірге ұмыт болған салт-дәстүрлеріміз қайта жаңғырып, шұрайлы тілімізге қайтадан қан жүгіргендей болды. Жаңа тәуелсіздік алған бізге қандастарымыз ауадай қажет. Ұлтқа қатысты әртүрлі салада ұлттық сананы оятып, қозғау салып жатыр десек артық айтпаспыз.

Мемлекеттің нығаюы мен ұлт саясатының үстемдігін әрқашан негіз еткен Елбасымыз Н.Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында сөйлеген сөзінде:

«Бүгінгі алқалы жиында қандастарымызға қолдау көрсетіп, қамқорлық жасаудың нақты жолдарын айқындап алуымыз керек. Сондықтан, алдағы мақсат-міндеттерді бірлесіп белгілеп алғанымыз жөн.

... Кеңінен талқыланып, қабылданатын жаңа Заң қандастарымыздың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деп есептеймін. Ол қандастарымыздың құжат тапсыруда, тіркеуге тұруда, азаматтық алуда кездесетін түрлі кедергілерді жоюы тиіс», – деген еді. Ал, сенат мақұлдаған Заң жобасы Елбасының осы сеніміне селкеу түсіргендей көрінді. Бұлайша о баста елбасымыздың өзінің қолдауымен басталған саясатының іске асуын тежеу елбасы ұстанған ел саясатына жасалған қиянат деп білеміз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «Қазақтың тарихта ұялар жері жоқ» деген еді. Ол рас. Қиын-қыстау күндерде арын арда ұстаған алаш баласы айдың-күннің аманында өз бауырынан алыс қалып, өзге елдегі өз ұлың тамырынан айырылып, досқа күлкі дұшпанға таба болмаса игі...

Мадияр, Сарысу ауданы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322