Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 3397 6 пікір 4 Қаңтар, 2024 сағат 14:15

Маған Ертіс ұнамайды

Нұрбол Ұлан– жетісулық жас айтыскер ақын. Аудандық, облыстық, республикалық жас ақындар айтысының жеңімпазы. Атап айтар болсақ, жеткен жетістіктері де аз емес көрінеді. Соның бірнешеуін тізе кетсек артық бола қоймас.

2023 жылы Жетісуда өткен «Андас Омарақын» атындағы облыстық ақындар айтысының Бас жүлдесін жеңіп алған және сол іспеттес «Жыл алыбы - Жамбыл» айтысынан Бас жүлде иегері атанған. Талдықорғанда өткен облыстық ақындар айтысының жеңімпазы. 2023 жылы Семейде өткен «Тәуелсіздікке тағзым» облыстық жыр мүшәйрасының 2-орын иегері.

«Ақындық әр адамға беріле бермейтін қасиет. «Ақындықты Алла береді оны дамыту өз қолыңда» деп айтып кеткендей, осы ұлы жолда өз бағымды сынап, халқымның өнерін өнегелі ұрпаққа қолымнан келгенінше тынытып жүрмін. Арманым – болашақта ана тілін сүйетін, ұлттық құндылығын бойына сіңген ұрпақтарының артуына ат салысу», -  дейді өзінің Отанға деген адал перзенттік пейілімен.

Ұлан қазіргі таңда, ұлылар елінде білім көкжиегін кеңейту үстінде.  «Шәкәрім атындағы» Семей мемлекеттік университетінің «филология факультетінің» 1-курс студенті. Университет жанынан құрылған «Дулат Бабатайұлы» атындағы шешендік өнер бағытындағы «Жебе» ақындар мектебінің жетекшісі. Биылғы жылдан бастап Семей қаласының Мәдениет сарайындағы «Халықтық ақындар орталығының» өнерлі шәкірті. Бір бойында толайым өнер тоғысқан жас беренге артар сенім мен үміт мол.  Жыршылық дәстүр, әншілік, сазгерлік  қабілет-дарыны бар болашақ дара талант иесі. Өлеңді бала шақтан бері жазады. Жазба ақындықтан гөрі, айтыскерлік қасиеті басымырақ...

Өлең мен Өнердегі қадамына – Ақжол!


Әке

Онсыз тумас оңнан күнім, айым да,
Ұлым деп, бататұғын уайымға.
Алты жаста, ала тайға міңгізген,
Бас бермеуші еді, ол кез маған тайымда.
Жігеріммен намысымды қайраған,
Салдырмайтын бекер босқа уайымға.
Ала таудай бір өлеңді арнайық,
Қара таудай (әкелеріміз) жайында.

Әке барда, сені ешкім бөле алмайды,
Сен үшін тер, басқа ешкім төге алмайды.
Әкем маған  турашыл бол, деп үйреткен,
Басқа ешкімге, ұлың сенің сене алмайды.
Тіпті мынау, қиыры көп, қилы өмірде,
Сен тұрғанда, ол да мені жеңе алмайды.
Ала таудай, әкеңді сен алдасаң,
Балапандай, балаң келіп сені алдайды.

Дәптерін балаң сенің парақтауда.
Балаңа қояр сізде де талап бар ма?..
Сіз бенен өткен күнге шүкір деймін,
Шүкір деймін, атырған, әр ақ таңға.
Баласына қамқор болсыншы деп,
"Әкелерді" жаратқан ғой  Жаратқанда.

Сіздей кімді таба алармын, жақынымды?
Ақын қылып шығардың, батырыңды.
Пайдасыз адам болма, деуші едіңіз,
Сіз айтқандай болайын, мақұл, үлгі.
Менде өсіп, әкешім, толып қалдым,
Асқар тауым тыңдашы, бір ақыныңды.
Көрсеттің өнегенің өнегесін,
Мен үшін  қысуші едің тақымыңды.
Маған айтқан кеңесіңді жиыстырып,
“Немереңе”
айтқаныңды қалаймын мен ақылыңды.

Менің әкем, өсиет адақтайды...
(Балаңнан, отырсыз ба, қалап бәйгі.)
Балаңыз да дәл сіздей боп, өсіп келед.
Мақтанғанды балаң да жаратпайды.
Өмірдің бәйгесінн қосқан ұлың,
Әкешім, сізді жерге қаратпайды.

***

Маған Ертіс ұнамайды

Қарап тұрып, мүсініңе тоя алғам,
Осындай да болады екен, ой, Аллам.
Білесің бе, саған деген сезімім,
Алабұртып, түрлі түске боялған.

Өмірімді, өміріңе жалғамадым,
Сені ойлап, айлы түнде толғанамын.
Екеуіміз, Ертісте танысқанда,
Мен өзіңе, алғашқы өлең арнағанмын.

Бар еді жанымыздың жуықтығы,
Жанарың өзгеше бір сыр ұқтырды.
Жанымда, өзің бірге жүрмегесін,
Байқалады күздің де суықтығы.

Білмедім, бұл жігіттің бағы осы ма,
Жете алмадым, білемін бағасына.
Білесің бе, сенің бейнең көрінеді,
Қарап тұрсам Ертістің жағасына.

Сезімдерім сені іздеп сандалады,
Сен емдей аласың ба, жан жарамды.
Семейдің оң солы да қосылмайды,
Ертіс, бөліп тұрғанын аңғарады.
Оларды жалғайтұғын көпірі бар,
Семейдің көпірі бар жалғамалы.
Ал  біздің құрып кеткір сезіміз,
Айтшы, енді, не нәрсемен жалғанады?!

Атпасам да мерген болып құралайды,
Сенен ешкім сезіміңді сұрамайды.
Сеніменен бойында жүрмегесін,
Білесің бе? Маған Ертіс ұнамайды....

***

АНА

Қадамым еді анамның аңдағаны.
Баласы да көп қыдырып сандалады.
Менің анам адамдардың ең жақсысы,
Керек те етпейтұғын (жарнаманы.)
«Ана» деп жазылған бұл өлеңім,
Өзімнің анашыма арналады.

Құдайым, жақ дейді ғой, аққа мына.
Баласы үшін кірісетін бақ қамына.
Мен қаншама қателік жасасам да,
Өкінбейді ол, мына мені, тапқанына.
Анама бар сырымды айта аламын,
Айта аламын сырымды ақтарыла.
Өтей алмай кетермін ақ сүтіңді,
Рахмет, анашым, баққаныңа...

Кірпік қақпай тал бесікке байланатын,
Мен күлсем көңілі де жайланатын.
Көтеріп қолынан сәт тастамай,
Бала күнгі кезімді ойға алатын.
Көңіл күйім түскенде анам ғана,
Анам ғана ішінен қайғы алатын.

Кешіретін менің бұзық болғанымды,
Өмірдегі асылым ол да құнды.
Қыстың күні ойнайтын ем, сары аязда,
Үрлеп қойып деміммен қолдарымды.
Балам деп тізерлей қап шақырушы еді,
Жасаушы еді ол менің зор қамымды.
«Мама» деп құшағына кіргенімде,
Сезбейтін ем сары аязда тоңғанымды.

Жастайымнан өсірдің мәпеледің.
Деуші едің айтқаныңды әперемін.
Сыйлығыммен  менде жиі қуантамын,
Өзіңдей қайда маған мөлтең - мейірім.
...Арманы ғой, анамның, ақ келіні,
Бұны естісе қалжыңдайтын тәтелерім.
Анашым, бұйырса, үш жыл, күтші,
Үш жылдан соң, келініңді әкелемін...

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354