ХДП-сыз «Нұр Отан»
Осы уақытқа дейін Халықтық Демкоратиялық партия болып келген «Нұр Отан» Астанада өткен кезектен тыс съезінен соң ХДП-сыз қалды.
«Халық арасында бізді «Нұр Отан» партиясы» деп атайтыны белгілі. Сондықтан, партия атауынан «халықтық-демократиялық» сөздерін алып тастау ұсынылған болатын. Осыған орай, саяси кеңестің кеңейтілген отырысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отыра, съезд қарауына «Нұр Отан» халықтық-демоакртиялық партиясы» атауын «Нұр Отан» партиясы» атауына өзгерту ұсынылады», - деді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Айтпақшы, осы съезде «Нұр Отанның» саяси кеңесінен Есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин мен экс-министр Бақытжан Жұмағұлов шығып қалды... «Саяси кеңестен кеткен Аслан Есболайұлының осы кеткені кеткен», - деген сөз де құрылтай жиынның қалтарысында айтылып жатты. Сол сөздердің қайсібірі құлағына жетcе керек, Мусин тым ызбарланып, түсін сыртқа салып отырды.

«Нұр Отан» съезд қарсаңында партияның доктринасын қабылдаған болатын. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мырзаның айтуына қарағанда, доктрина 60 беттен 10 бетке дейін қысқартылып, ықшамдалып қайта жазылыпты. Бұл ықшамдауды Байбек мырза: «Қазіргі жастардың бәрі интернетті пайдаланады. Интернеттегі құжаттар қысқа, әрі түсінуге оңай, тілге жеңіл дүние болуы керек», - деп ұғындырды. Кейінгі кезде партия қатарына жастар: жас интеллигенция өкілдері, спортшылар, т.б. өтіп жатқан көрінеді. Демек, партия алдағы жылдары үнемі «жасарып», кейінгі толқынмен көбейіп отырмақ. Соған орай бұрынғы қасаң партия «тілі» де жұмсарып жастардың ортасына жақындай түспек.
«Тіл» демекші, съезд барысында Ұлт көшбасшысы, Ел Президенті, пратия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы орыстілінде сөйлейтін тұрғындардың құқын шектемеу керек, оларға таршылық жасалмауы керек деген ойын тағы да шегелеп тұрып айтты. Былай деді: "Мы должны сохранить и русский язык в нашей стране как один из шести мировых языков. Это послужит благополучию нашего народа. Нужно сохранить многовековую дружбу, согласие между нашей страной и соседями". Осылай деп-деп келіп: «Знание казахского языка не только наш гражданский долг, но и показатель уважения к народу», - деді. Яғни, «қазақ тілін білу - біздің азаматтық парызымыз ғана емес, елге деген құрмет», - деді. Нақтырақ айтсақ, «Тілге деген құрмет елге деген құрмет» (Н. Назарбаев).
Сөйтіп, ХДП-сын қойған «Нұр Отан» кезекті құрылтайын аяқтады. Жан-жақтан ағылып келген партия мүшелері Елордаға жиналып, бірін-бірі көріп, есен-саулық айтып тарасты.
Abai.kz