Сенбі, 23 Қараша 2024
1408 0 пікір 12 Қаңтар, 2024 сағат 14:12

Бишімбаевты қамау мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды

Астана қалалық соты бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамау мерзімі 9 наурызға дейін созылды.

Ақпаратқа қарағанда, 9 қаңтарда Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 9 наурызға дейін ұзартқан.

Елорда соты өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескерткен.

Былтыр, 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 31 жастағы әйелі Салтанат Нүкенованы соққыға жыққан. Әйелі жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Артынша Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын мәлімдеді.

Ол осыған дейін коррупция айыбы бойынша 10 жылға сотталған. Кейін оны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылықпен босатты.

15 қарашада президент Қ.Тоқаев ІІМ-ге Бишімбаевтің ісін ерекше бақылауға алуды тапсырған.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456