Жексенбі, 20 Сәуір 2025
1334 3 пікір 16 Қаңтар, 2024 сағат 14:16

Қазақстанға Ресей салып беретін ЖЭО-лардың құны аталды

Көкшетау, Семей және Өскеменде жылу электр станциясын ресейлік "Интер РАО-Экспорт" компаниясы салады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Самұрық Энерго" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Мақсұтов үкіметтің бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанда үш ЖЭО құрылысының сомасын атады.

– Қазір құнын айта алмаймыз, ол мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады. Смета әлі жоқ болған кезде индикативті деп аталатын құн. Слайдта көрсетілген болжамды сома (үкіметте) – 330 млрд теңге, - дейді ол.

Еске сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша 2023 жылғы 9 қарашада Көкшетау, Семей және Өскеменде ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалған еді.

фото: ғаламтордан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2057
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114