Сенбі, 23 Қараша 2024
1013 0 пікір 24 Қаңтар, 2024 сағат 12:32

Алматыдан 212 шақырым жерде тағы да жер сілкінді

Алматыда бүгін түнімен афтершоктар үзілген жоқ. Түнгі екіден бері төртеу болды. Дәл қазір сейсмикалық стансалар желісі тағы екі жер сілкінісін тіркеді. 

Бұл жолғы дүмпу таңғы сағат 08:39 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 212 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.3. MPV магнитудасы — 4.4.

Тереңдігі — 10 шақырым.

Алматыда сезілген жоқ.

Афтершок он-он бес минутта тағы қайталанды. Астана уақытымен таңғы 08:54 шамасында.

Дүмпудің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде, Қытай аумағында.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.4. MPV магнитудасы — 5.1.

Тереңдігі — 5 шақырым.

Алматыда сезілген жоқ.

Жалпы соңғы төрт жер сілкінісін де қазақстандықтар сезбеді.

Мұның алдында таңғы 05:50 және 07:35 кезінде екі зілзала болған еді.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377