Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2035 11 пікір 25 Қаңтар, 2024 сағат 14:26

Канделаки енді Қырғызстанға ауыз салды

Орта Азия десе төбе шашы тік тұратын Тина бұрынғы қылығына қайта басты, бұл жолғы нысаны айырқалпақтылар.

Кезекте ала тақиялар тұрған сыңайлы.

Қырғызстандықтар Канделакидің телеграм-арнасында жариялап, дереу жойған арандатушылық жарияланымына қатты наразы, бірақ мұқият оқырмандар скриншоттар түсіріп үлгерді.

Қашықтан шыққан басылымда Канделаки Қырғызстанмен байланысты тіл мәселесін қайта көтерді.

Өз жарияланымында Тина Қырғызстандағы қазіргі жағдайды Украинадағы декоммунизацияның басталуымен жанама түрде салыстырды, онда кеңестік өткенге және Ресейге байланысты қалалар, көшелер және басқа да географиялық атаулар ұдайы қайта аталатын.

Бұдан басқа, Канделаки осылайша қырғыздардың Бішкек аудандарының атауларын Қырғызстанның мемлекеттік туының өзгеруімен салыстыра отырып, өз тарихынан айырылатынын жазды.

Жарияланым әлеуметтік желілерде елеулі наразылық тудырды, блогерлер мен азаматтық белсенділер Тина басқа мемлекеттің ішкі істеріне заңсыз араласқанына наразылық білдіре отырып, оған жауап посттарын жариялай бастады.

Осындай қылықтарын кейін Тина Канделаки Жириновскийдің сарқытын ішкен бе деген ойға қалады екенсің.

Тинка Канделаки осыған дейін Қазақстандағы теміржол стансаларының қазақшалануына шамданып, екі кезек даулы жазба жариялаған. Ол қазақтарды мәңгүртке теңеп, Борат филмін еске алған.

Осыдан соң, ҚР Сыртқы істер министрлігі, реакция білдіріп, Канделакидің енді Қазақстанға кіре алмайтынын мәлімдеген.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347