Жұма, 22 Қараша 2024
1419 5 пікір 25 Қаңтар, 2024 сағат 14:39

Ресейдің Белгород облысында әскери ұшақ құлады

Ресейдің Белгород облысында Ил-76 әскери ұшағы құлады. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ведомство әскери ұшақтың бортында тұтқынға алынған 65 украиналық әскери болғаны, оларды алмастыру үшін Белгород облысына апара жатқаны айтылды. Бұған қоса, ұшақта алты экипаж мүшесі мен тұтқындарға бас-көз болып жүрген үш адам бары хабарланды.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Ил-76 бортында болған адамдардың бәрі қаза тапты деп жазды телеграмда. Кейін қорғаныс министрлігі ақпаратты растап, бортта болғандардың бәрі қаза болғанын мәлімдеді.

Ведомство ұшақты Украина Харьков облысынан ракетамен атып түсірді деп отыр. Ал Ресей мемлекеттік думасының қорғаныс бойынша комитетінің басшысы Андрей Картаполов Ил-76 ұшағын Украина тарабы америкалық Patriot немесе германиялық Iris-T қаруымен атып түсірді деді.

"Украинская правда" Украина қарулы күштеріндегі дереккөзіне сілтеме жасап, украиналық әскерилер ұшақтың құлағанын растағанын жазды. "Украинская правда" дереккөзі "ұшақтың құлауы - Украина әскерінің жұмысы" деп "ұшақ С-300 қаруына ракета әкетіп бара жатқанын" айтқан.

Кейін сайт "Ил-76 ұшағының құлауы – Украина қарулы күштерінің жұмысы" деген ақпаратты өзгертіп тастады.

"Украинская правдадан" бөлек "РБК-Украина" сайты "Украина қарулы күштерінің жұмысы" деген сөзді алып тастап, Белгородта құлаған ұшақ "С-300 қаруына ракеталар әкетіп бара жатқан" деген ақпаратты қалдырды.

Украина қарулы күштерінің бас штабы Белгород облысындағы Ил-76 ұшағының апатын тікелей атамай, Харьков бағытына ұшып шыққан әскери-тасымалдаушы ұшақтарды "алдағы уақытта да жоя беретінін" мәлімдеді. Украиналық басылымдар бұл мәлімдемені Ил-76 ұшағын Украина әскері атып түсіргенін растайды деп жазып жатыр.

Украина шенеуніктері құлаған Ил-76 ұшағында украиналық 65 тұтқын болған деген ақпарат жайлы әзірге ештеңе айтқан жоқ.

Соғыс кезінде тараптардың ақпаратын тәуелсіз дереккөздерден тексеру мүмкін емес.

Фото: Commons.wikimedia.org

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279