Жұма, 22 Қараша 2024
1221 2 пікір 25 Қаңтар, 2024 сағат 14:44

Марат Жыланбаев үкімнің күші жойылғанша аштық жариялайды

Жеті жылға сотталған Марат Жыланбаев үкімнің күші жойылғанға дейін ұзақмерзімдік аштық жариялайтынын айтты. Бұл жөнінде Азаттыққа адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады.

Адвокат бүгін, 24 қаңтарда Марат Жыланбаевпен кездескен. Адвокаттың сөзінше, Жыланбаев апеллциялық сот алқасының шешімін бүгін ғана естіген. Өткен аптада сот Жыланбаевты жеті жылға түрмеге кесу туралы бірінші сатыда шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырған еді.

"Марат сот қаулысынан бейхабар болған. Сондықтан оны естіп, өзін жеті жылға соттағаны жөнінде үкімге наразылығын білдіріп, өз уәдемде тұрамын деп "сот үкімі күшін жойылғанға дейін мерзімсіз аштық жариялаймын деп шешім қабылдадым" деді" дейді адвокаты Мейіржан Досқараев.

Адвокаттың айтуынша, Жыланбаев аштық жариялайтыны жөнінде мекемеге де арыз түсірген. Қазір Жыланбаев тек су ішіп отыр деді адвокат.

19 қаңтарда Астана қалалық соты белсенді, "Алға, Қазақстан" тіркелмеген партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырған. Алғашқы инстанциядағы сот Жыланбаевты 7 жыл түрмеге кескен. Азаматтық белсендіге "экстремистік ұйымның ісіне араласты" және "экстремизмді қаржыландырды" деген айыптар тағылған. Бұған дейін прокуратура тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясының лидері Марат Жыланбаев "ҚДТ экстремистік ұйымынан тапсырма алып, олардың қызметін қаржыландырған" деп күдіктенген. (Астана шетелде тұратын экс-банкир Мұхтар Әблязовтың ҚДТ қозғалысын "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған. Еуропарламент ҚДТ қозғалысын "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атайды). Жыланбаев пен жақтастары істің саяси астары бар деген.

Белсендіге жергілікті және халықаралық құқық қорғау ұйымдары араша түсті.

Былтыр желтоқсанда Адам құқықтары бойынша халықаралық серіктестік (IPHR) пен Қазақстандағы адам құқығы бойынша бюро Жыланбаев Конституциядағы ойын еркін айту, бейбіт түрде жиналу құқықтары үшін жауапқа тартылғанын, оның ісінде ешқандай "экстремизм белгілер" жоғын айтқан. Екі ұйым Жыланбаевтың сотының жабық болғанын, құқық қорғаушылардың бақылауына мүмкіндік берілмегенін де сынға алған.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Жыланбаевты "саяси тұтқын" деп таныған. Еуропарламент 17 қаңтар күнгі қарарында Қазақстан билігін саяси тұтқындарды босатуға үндеп, құжатта Марат Жыланбаевтың да есімін атаған.

фото: vlast.kz

дереккөз: centralasian

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282