Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2887 0 пікір 6 Қараша, 2013 сағат 05:31

Ерген Дошаев Мәжілістен кетті. Неге?

Мәжіліс депутаты Ерген Дошаев отставкаға кетті. Өзінің бұл кетісін экс-депутат отбасы жағдайымен байланыстырып отыр.

Ерген Николайұлы Мәжілістегі белсенді депутаттың бірі болды. Ол қатарынан бірнеше рет депутаттық сауалнама жасап, спиртті ішімдіктер мен темекі өндіруішлерді жақтайтын (лоббистерді) қаржылы топтарды әшкерлеуге тырсыты. Автокөлік иелеріне қатысты заңның қысымын жұмсартуға қатысты пікірін ашық айтып жүрді. Экология мәселесі де оның тұрақты назар аударған тақырыбы болды. Осындай белсенділігінің нәтижесінде ол баспасөз беттерінен де жиі көрініп, ел аузына іліне бастаған еді. Алайда, отбасы жағдайынан басқа не түрткі болғаны белгісіз,  Дошаев депутаттық мандатын тапсырып, Мәжіліс залынан осыдан аз уақыт бұрын шығып кетті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығамтуллин экс-депутатқа рахмет айтып, марапаттады.

Ерген Дошаев Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының тумасы.  Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген. Кейін Мәскеуден заң оқуын оқыды. Шалбай Құлмаханов Ақтөбе облысын басқарған жылдары облыстық баспасөз қызметінің жетекшісі болды. 1996 жылы облыстық телерадионы басқарды. 1996-1999 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды. 2002-2006 жылдары «Атырау-ақпарат»  мемлекеттік қазыналық  мекемесінің төрағасы қызметін атқарып,  2006-2007 жылдары экономика және бюджетті жоспарлау минситрлігінің аппарт жетекшілігіне тағайындалды. 2012 жылдан Мәжіліс депутаты. «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.

Сонымен, танымал депутат Мәжілістен кетті. Неге? Бұл сауал әзірге жауапсыз қала тұрады. Өйткені оның осылайша шешім қабылдауына байланысты нақты бірдеңе айту қиын. Бірақ, экс-депутаттың Аслан Мусинмен жақындығын, Аслан Есболайұлына көп жылдардан бері сенімді серік болып келе жатқандығын ескерсек, мәселенің мәнісі ашылғандай болады. Себебі, қазір Мусиннің «табанының астындағы жер» қозғала бастады. Ол өзіне мұрагер етіп Атырау облысының әкімдігіне қалдырған Рысқалиев Бергей мен оның інісі экс-депутат Аманжан Рысқали елден жырақта жүр. «Нұр Отан» партиясының жуырда өткен құрылтайында Мусин партияның саяси кеңесінен шеттетілді. Осылайша соққы үстіне соққы алып жатқан Мусиннің Мәжілістегі адамы Ерген Дошаевтың депутаттықтан кетпеске лажы қалмағанда сияқты. Ендігі тықыр азулы Мусиннің өзіне  таяса керек. Демек, бұл Аслан Есболайұлының да отставкаға атттануына аз күндер қалды деген сөз. 

Abai.kz    

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377