Сенбі, 23 Қараша 2024
1251 0 пікір 30 Қаңтар, 2024 сағат 11:33

Қарағанды облысында үйінді астында қалған адамдар іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында жарылыс болып, оған шыдамаған тұрғын үй опырылып қалды. Үйінді астында әлі де адамдар бар. 

30 қаңтар түнгі 00.07 шамасында Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті Әуезов көшесіндегі қосқабатты 12 пәтерлі үйде жарылыс болғаны хабарланған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов алдын ала болжам бойынша тұрмыстық газ баллоны жарылған дейді.

Кейіннен екінші қабат жартылай опырылған.

Өрт шықпаған.

«Опырылған аумақ анықталып жатыр. Біздің болжам бойынша, үйінді астында адамдар бар. Жергілікті жерде штаб ұйымдастырылған. Оқиға орнында 45 адам және 13 техника жұмыс істеп жатыр», — дейді Мұрат Қатпанов.

Қазіргі уақытта үйінді астынан 6 адам шығарылып, Ботақара кентінің орталық ауруханасына жеткізілді. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы бір адамның жағдайының ауыр екенін айтты.

«Аймақтың медициналық мекемелеріне бес зардап шеккендер, оның ішінде үш бала жеткізілді. Екі бала амбулаториялық емделуге жіберілді, бір бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына қанағаттанарлық жағдайда жеткізілді. Екі ересек пациенттің біреуі өте ауыр жағдайда (80% күйік шалған), екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Фото: аудан әкімінің әлеуметтік желісінен

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364