Жұма, 4 Қыркүйек 2026
2249 4 пікір 2 Ақпан, 2024 сағат 13:51

ЕАЭО басшылары Алматыға жиналды

Алматыда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің үкімет басшылары халықаралық форумға жиналды.

Отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтерінің басшылары – Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Өзбекстанның үкімет басшысы Абдулла Арипов, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысып жатыр.

Олар бүгін Еуразиялық үкіметаралық кеңес ЕАЭО елдеріндегі макроэкономикалық ахуалды және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды қарайтын болады.

Бұдан бөлек, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің «Еуразиялық агроэкспресс» ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті жеделдетілген темір жол және мультимодальды тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жобасын іске асыру барысын, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобалар тізбесіне өзгертулер енгізуді талқыламақ.

фото: Sputnik

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 813
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2150
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 546
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 525