Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2114 0 пікір 11 Қыркүйек, 2009 сағат 07:59

Қазақстанға қару жеткізілімдерін бақылаған Израиль азаматының денесі табылды

Алматы. 11 қырқүйек. ҚазТАГ – Израильдің әскери өнеркәсібінің (Israeli Military Industries) іс-түссіз кеткен өкілі, қазақстандық бағытпен айналысқан Анатолий Гительманның денесі табылды, деп хабарлайды IzRus ақпарат агенттігі.

Порталдың хабарлауынша, А. Гительман 6 қырқүйекте үйінен шығып, оралмаған. Бейсенбі күні кешке оның денесі табылды.

«А. Гительманның денесін Неве-Менахем (Карней-Шомрон жергілікті кеңесі) елді мекеніндегі үйлердің бірінің жер төлесінен жергілікті тұрғындар тауып алған. Бірнеше минуттан кейін бұл ақпаратты полиция қуаттады», - деп хабарлайды  IzRus.

Агенттіктің ақпараты бойынша, Гительман оққа ұшқан. Оның денесінің жанынан сөмке табылған. Сөмке және оның ішіндегі заттар сараптамаға жіберілді.

Тергеу болжамдарының бірі өзіне қол жұмсау болды. Гительманды палестиналық лаңкестер тұтқындады деген болжам негізсіз деп қарастырылды, өйткені бір де бір ұйым оны ұрлағанын хабарлап, ешқандай талаптар қойған жоқ.

Гительманның таныстары IzRus порталына мәлімдегендей, жоғалып кеткен ол Israeli Military Industries – Израильдің әскери-өнеркәсіп компаниясының өкілі болған, ол онда қазақстандық бағытты басқарып, Қазақстанда 2009 жылдың наурызында ҰҚК қызметкерлері қамауға алған Борис Шейкманның қызметін үйлестіріп отырған.

А. Гительман Imi-ден төрт ай бұрын жұмыстан шығарылған, соңғы уақытта жаңа жұмыс іздеп жүрген. RTVi телеарнасының хабарлауынша, ол қазан айында Әзербайжанда жаңа жоба бойынша жұмысқа кірісуді жоспарлап жүрген.

60 жастағы Анатолий Гительман – Шымкент қаласының тумасы. Ол да Борис Шейнкман сияқты кеңес әскерінің кадрлық әскери қызметкері болған. 1968 жылы Киевтегі суворов әскери училищесін бітірген, подполковник атағына дейін қызмет еткен. Қазақстанда да әскери қызметін өтеген. Гительман Израильге Днепропетровск қаласынан көшіп барған.

Бұрын хабарланғандай, 20 наурызда ҚР ҰҚК қызметкерлері ҚР қорғаныс министрлігі мен Израильдің әскери өнеркәсіп компаниялары арасындағы делдал болған Израиль қарулы күштерінің запастағы полковнигі Борис Шейнкманды қамауға алды. «Маарив» газетінің хабарлауынша, ол ҚР қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Қажымұрат Мейірмановпен байланысын пайдалана отырып, қазақстандық әскер үшін «Семсер»  122 миллиметрлік өздігінен жүретін гаубицаны әзірлеу бойынша «Солтам» компаниясымен келісімшарт дайындап жатқан.

30 наурызда Б. Шейнкманға зейнетақы төлемдерімен алаяқтық бойынша айып тағылды.

Ал сәуір айының басында ҰҚК қызметкерлері Қ. Мейірмановты қамауға алды. ҚР ҰҚК баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаровтың айтуынша, оған қарсы қорғаныс министрлігінің $82 млн бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол «ҰҚК қылмыстық істің шеңберінде қорғаныс министрлігі лауазымды тұлғаларының Қазақстанның «Найза» дүркін өрт реактивті жүйелерін сатып алу және «Семсер» және «Айбат» арттилериялық жүйелерін жаңарту бойынша израильдік Imi және «Soltam Systems» фирмалармен келісімшарт жасау және жүзеге асыру барысында жол берген жемқорлық әрекеттерін тергеп жатқанын» атап көрсетті. Тергеу материалдарына сәйкес, «келісімшарттар 2006 жылдан бастап қорғаныс вице-министрі Қ. Мейірмановтың басшылығымен жасалған», деп атап көрсетті баспасөз хатшысы.

БАҚ мәліметтері бойынша, жақында Қ. Мейірмановқа қатысты қылмыстық іс прокуратураға беріледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407