Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2583 0 пікір 11 Қыркүйек, 2009 сағат 09:28

«Даму» қоры Алматы облысында «Бизнес кеңесші» бағдарламасын жүзеге асыра бастады

Талдықорған. 11 қырқүйек. ҚазТАГ – «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы облысының кәсіпкерлеріне аймақтың экономикасын әртараптандыру процесінде шағын және орта бизнестің сапалы дамуына және оның рөлін арттыруға бағытталған  қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетеді.

Бұл шаралар жұма күні Талдықорғанда «Даму» қоры мен Алматы облысы әкімдігінің арасында қол қойылған қордың «Бизнес кеңесші» бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы меморандумда қарастырылған. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне облыс әкімінің орынбасары Болат Тәкенов мәлім етті.

Оның атап көрсетуінше, «Даму» қоры жобаны Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай және басқаша қолдау шеңберінде әзірлеген және ҚР білім және ғылым министрлігінің және «Нұр Отан» ХДП-ның қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.  

Қазақстанның барлық облыстары мен аудандарында өткізілетін бағдарламаның мақсаты – қызмет етіп жүрген және әлеуетті кәсіпкерлер үшін «Кәсіпкерліктің жедел курсы» атты қысқа мерзімді екі күндік тренинг-семинарлар ұйымдастыру және экономикадағы кәсіпкерлікті насихаттау арқылы ШОБ-тың дамуын қамтамасыз ету.

Өз ісіңді құру, жүргізу және дамыту тренингтің негізгі тақырыптары болмақ. Жедел курстарды кәсіби жаттықтырушы –лекторлар жүргізеді. Сонымен қатар, курсқа қатысушылар сарапшылардан кеңес алып, бизнесті жүргізу бойынша оқулықтарға ие болады. Ісі бар және әлеуетті кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру бойынша курстармен ел аумағында он мыңнан аса адам қамтылады. «Бизнес кеңесші» аймақтық бизнес қауымдастықтар мен билік органдарының арасында диалог орнатуға көмектеседі делініп отыр.

Бағдарламаның шеңберінде кәсіпкерліктің жағдайы мен даму үрдістері зерттеледі. Еліміздегі ШОБ-ты кешенді қолдау бойынша шешімдерді қабылдау кезінде осы сауалнаманың нәтижесі қолданылатын болады. Бағдарламаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша және халықтың нақты қажеттіліктері анықталған соң бизнеске қызмет кешенін көрсету үшін кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету орталықтары құрылуға тиіс. «Кәсіпкерліктің жедел курсы» оқу-әдістемелік  құралын халықаралық бизнес академиясы әзірледі. Алматы облысында тренингтерді өткізуде І. Жансүгіров ат. Жетісу мемлекеттік университет әріптес ретінде алынып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435