Жұма, 27 Желтоқсан 2024
1455 1 пікір 7 Ақпан, 2024 сағат 16:19

Ердоған Ыстамбұлдағы лаңкестік туралы...

Түркия азаматы Стамбулдағы сот төрелігі сарайында екі террористің оқ атуы салдарынан алған жарақатынан қайтыс болды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Стамбулдағы сот ғимаратына жасалған қарулы шабуылға түсініктеме бере отырып, осындай мәлімдеме жасады.

Ол терроризмнің барлық түріне «батыл қарсы тұруға» уәде берді.

«Екі лаңкесшіні полиция қызметкерлері өздерінің жаман жоспарларын жүзеге асырмас бұрын залалсыздандырды. Түркия барлық деңгейдегі террористік ұйымдарға және олардың жақтастарына қарсы батыл күресті жалғастырады. Өкінішке орай, террористік шабуыл салдарынан бір азаматымыз қаза тапты», - деп хабарлады Ердоғанның сөзін TRT Haber телеарнасы.

Стамбулда сот ғимаратына шабуылға қатысқан үшінші адам ұсталды, деп жазады түрік БАҚ.

Сол уақытта лаңкестік салдарынан зардап шеккен бес адамның біреуі қаза тапты.

Стамбулдағы сот ғимаратына шабуыл жасағандар Түркияда террористік деп танылған DHKP-C сол жақ радикалдық партиясының мүшелері болды, деп хабарлады еліміздің ІІМ басшысы Әли Ерлікая.

Стамбулдағы Чаглаян сотының кіре берісіндегі күзет пунктіне қарулы шабуыл жасалды. Атыс барысында үш полиция қызметкері жараланды.

Түркия ІІМ мәліметінше, Стамбулдағы сот ғимаратына шабуыл жасағандар жойылды, алты адам жарақат алды. Тиісті ақпаратты еліміздің ішкі істер министрі Әли Ерлікая X әлеуметтік желісіндегі өзінің аккаунтында жариялады.

Оның айтуынша, Чаглаян сот ғимаратының кіреберісінде орналасқан күзет бекетіне шабуыл жасауға әрекет жасалған. Жараланғандардың арасында үш полиция қызметкері бар. Шабуылдаушылар ер мен әйел болып шықты, олар жойылды.

Қазіргі уақытта сот ғимараты полициямен қоршалған, кіру және шығу жолдары жабық, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Оған көптеген тәртіп сақшылары тартылды. Оқ атылғаннан кейін ғимарат маңындағы адамдар арасында дүрбелең туындады. Көбі жүгіре бастады, кейбіреулері жерге жатып қалды. Оқиға орнына Стамбул бас прокуроры келді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052