Жексенбі, 24 Қараша 2024
1278 2 пікір 8 Ақпан, 2024 сағат 14:26

Шет елдегі қандастарымыз Қазақстанға келіп, қазақ тілін оқиды

«Шет елдегі қазақ балалары» жобасының кейіпкерлері Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы ulysmedia.kz. сілтеме жасап.

Жоба авторы Жанар Байсемізова:

«Олар қазақ тілін оқиды, қазақ мәдениетімен танысады, қазақтың тарихын біледі», деп әлеуметтік желіде сүйінші сұрады.

«Қазіргі уақытта әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ресми хат дайындап жатыр. Университеттің атынан Гүлшара Асылбайқызы осы іске жанын салып, кірісіп жатыр. Хат дайын болған соң шет елдегі ҚР елшіліктеріне жолдаймыз»,- деп жазды жоба авторы өзінің желідегі парақшасында.

Қуанышты хабар шетелдегі қазақтың қыз-жігіттеріне жеткен. Көпшілігі келуге ықылас танытып отыр.

«Шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалардың елде қиналмай жүруіне барлық жағдай жасалады. Олардың жол шығыны, визасы төленеді. Үш мезгіл тамақ, жатақхана тегін беріледі+стипендия алады. Ұзақ уақытқа келе алмайтындары үш ай, уақыты барлары тоғыз ай оқиды. Елге келіп, ана тілін үйренуге Талғат, Сардар, Әнел және Сұлтан құлшынып отыр. Сабина да келуі мүмкін. Әнел тоғыз айға келгісі келіп жатыр. Талғат, бүгін қашан келе аламыз, деп сұрап жатыр», - жазды Жанар Басемізова.

фото: 365info.kz

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5594