Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2284 0 пікір 11 Қыркүйек, 2009 сағат 09:29

Медведев Қазақстанмен дағдарысқа байланысты қысқарып қалған тауар айналымын арттыру қажеттігін айтады

Орынбор. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Ресей президенті Дмитрий Медведев Қазақстанмен дағдарысқа байланысты қысқарып қалған тауар айналымын екі есеге арттыру қажеттігін айтты.

«Биыл дағдарысқа байланысты екі жақты тауар айналымы қысқарды. Енді бұл олқылықты толтырудың жолдарын ойластыру керек», - деді ол жұма күні ҚР мен РФ арасындағы аймақтық өзара қарым-қатынас VI форумында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екі жақты кездесу барысында.

Бұл ретте Д. Медведев екі жақты тауар айналымы қаншаға қысқарғанын нақтылаған жоқ.

Н. Назарбаев елдердің отын-энергетикалық кешендегі ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі форумның қорытындысы бойынша Екібастұз МАЭС-2-нің үшінші блогының құрылысы мен пайдалану туралы, Қазақстан мен Ресей шекарашыларының бірлесе жұмыс істеуі туралы, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылуы тиіс.

ҚР президенті баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сай, Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты сауда көлемі 2008 жылдың қорытындысы бойынша, 2007 жылмен салыстырғанда 22%-ға артып, $19,9 млрд-ты құрады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5444